МТРА жаңалықтары

Мереке күні дүниеге келгендер

Ләззат Бакиева.

-Салмағы 4,268. Есімін әлі қойған жоқпын. Оны әке-шешеміз қояды. Осыған дейінгі баламды Конституция күні дүниеге әкелгенде, есімін- Мейрамбек деп қойған. Осы баламды да мерекемен байланыстырып қоятын шығар.

Жалпы 1 маусым күні түске дейін перинаталдық орталықта 5 сәби дүниеге келіпті. Олардың аналарын облыс әкімі Ерік Сұлтановтың атынан аймақ жетекшісінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров құттықтады.

Айдарбек Сапаров- СҚО әкімінің бірінші орынбасары.

-Құттықтаймын. Денсаулықтарыңыз мықты болсын. Балаларыңыз еліміздің үлкен азаматы болсын.

Ақ халатты абзал жандардың айтуынша, мереке күні туылған аналардың да, балғындардың да денсаулығы жақсы. Ал гүл шоғы мен күтпеген сыйлық нәзікжандылардың көңілін тағы бір көтеріп тастады.

Жанна Маутова – Облыстық перинаталдық орталықтың бас дәрігері.

-Мереке күні 3 ұл, 2 қыз бала өмірге келді. Қазір аналардың да сәбилердің де денсаулығы жақсы. Бір айта кететін жайт нәрестелердің саны өткен жылғы 1 маусыммен салыстырғанда артық. Босанғалы жатқан аналардың да көрсеткіші былтырғымен салыстырғанда көп. Бұл әрине қуантарлық жайт.

Дәрігерлер маусымның екісіне дейін босанған аналардың барлығына сыйлық жасамақшы. Жалпы жыл басынан бері өңірде 2500 астам солтүстікқазақстандық дүние есігін ашқан.

 

 

Магжан Ахмадина.