Балалар

Бүгін Халықаралық балаларды қорғау күні

Николай Хованский – №2-ші арнайы мектеп-интернатының директоры.

-Мектеп-интернат аяқтаған түлектер осы жердегі “Солтүстік Қазақстан-өндірістік комбинатында білім алуда. Онда олар “Аяқ киім ісі”, “Тігін өндірісі және киім үлгілеу” және “Шаштараз өнері және сәнді косметика” мамандықтары бойынша оқиды.

Тәрбиеленушілердің психикасы мен іс-қимылында ауытқушылықтары бар демесең, қоғамдық өмірде белсенді. Оны осы жерде шәкірттердің өздері жасаған қолөнер бұйымдары мен салған суреттерінен аңғару қиын емес. Сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары Анархан Дүйсенова мектеп-интернатына бес жүз мың теңгенің сертификатын табыстады.

Анархан Дүйсенова – облыс әкімінің орынбасары.

-Сіздерді облыс әкімі Ерік Сұлтановтың атынан осынау қуаныш пен шатыққа толы мейраммен құттықтаймын. Бұл күн балалардың мерекесі. Сондықтан оларға тек мейрам күні ғана назар аудармай, күн сайын тиісті көңіл бөлуіміз қажет. Өйткені еліміздің ертеңгі болашағы – жас ұрпақтың қолында.

Владислав Сергеев биыл тоғызышы сыныпты аяқтағалы тұр. Қазірде шәкірт мемлекеттік емтихан тапсыруда.

Владислав Сергеев – №2-ші арнайы мектеп-интернатының тәрбиеленушісі.

-Біз қоғамдық шаралардан шет қалмай, ұдайы қатысып отырамыз. Өзім биыл тоғызыншы сыныпты бітіріп жатырмын. Бұйыртса, облыс орталығындағы Темір жол колледжіне оқуға түспек ойым бар.

Осы күні қонақтар “Солтүстік Қазақстан-өндірістік комбинатында” білім алатын студенттердің машықтарымен танысып шықты.

 

 

Бакыт Садуакасов.