Балалар

Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар қуанышқа бөленді

Роза Шакирова – “Рынок Дария” ЖШС директоры.

-Санап отырсам жиырма жыл балалармен біргемін. Маған олармен бірге уақыт өткізген ұнайды. Олардың қуанышын бөлісіп, қажет болса көмегімді аямауға тырысамын. Алдағы мерекелерде де келіп, қолғабыс етіп тұрамын.

Мектеп-интернаттың биылғы түлегі Виктория Рогачева гір көтерумен айналысады. Бүгін оған спорттағы жетістіктері үшін сыйлық пен Астана қаласына саяхатттауға жолдама табыс етілді.

Жалпы, бұл мектеп-интернатында 133 бала тәрбиеленуде. Биылғы жылы 15 түлек мектеп қабырғасынан қанат қағады.

Динара Ракишева – Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған мектеп-интернаты директорының орынбасары.

-Балалар өнерге, спортқа бейім. Түрлі интернатішілік шаралар жиі өтіп тұрады. Биылғы түлектер ҰБТ сынағына дайындалуда. Олардың бұл сыннан сәтті өтетіндігіне сенімдімін.

Бұл жерге мектеп-интернаттың өзішілік ұйымдастырған конкурс жеңімпаздары жиналған. Олардың қатарында “Ең еңбекқор”, “Білімде озат” аталымдары бойынша үздік шыққандар бар. Оларға түрлі сыйлықтар сыйлануда. Осындай қошеметке бөленгендердің қатарында Алмагүл Бегіман да бар.

Алмагүл Бегіман – Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған мектеп интернатының тәрбиеленушісі.

-Мен “Ең еңбекқор” номинациясында жеңімпаз атандым. Енді Астанаға барамын.

Отбасылық үлгідегі балалар ауылында 54 бала тәрбиеленуде. Олар да мереке қарсаңында сыйлықтарсыз қалмады.

Арыстан Әкімжанов – “Отбасылық үлгідегі балалар ауылы” КММ директоры.

-Бізге қаламыздың арнайы қызмет орталықтарынан сыйлықтар табыс етілді. Олардың қатарында жиһаз, азық-түлік, киім-кешек бар. Жаз айларында балаларға аяқ-киім керек болады. Біз оларға зор алғысымызды білдіреміз.

Балалар өздеріне жасаған сыйлықтары үшін дән риза. Олар жазғы демалыста Астана қаласына саяхаттауға бармақ.