Балалар

Петропавлда студенттер арасында “Табысқа жетер жол” атты байқау өткізілуде

Александр Шаравин – байқауға қатысушы.

-Құрылыс саласында пенобетонның пайдасы молынан. Ол ағаштың, бетонның орнын алмастыра алады. Жобамды іске асыру үшу мемлекет тарапынан көмек қажет болып тұр. Егер де цехымды ашсам, онда күніне 10 кубқа дейін пенобетон өндіру жоспарда бар.

Жалпы байқау екі кезеңнен тұрады. Бүгінгі ақтық сайысқа жеті жоба қатыстырылуда. Қорытынды сында олар арнайы бизнес өкілдерінің қарауынан өтуде. Болашағынан зор үміт күттіретін жоба болған жағдайда кәсіпкерлер тарапынан қолдау таппақ.

Евгений Мамыкин – СҚО кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы.

-Байқау ережесі бойынша біз жеңімпазды анықтаймыз. Жоба міндетті түрде қызықты әрі келешегі бар болуы тиіс. Егер де көңілімізден шығып жатса жобаның іске асуы мен дамуына өз үлесімізді қосамыз.

Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің тағы бір студенті – Вадим Барабаш байқауға тоңазытқыш жөндеу орталығын ашсам деген ниетпен келіпті. Ол кәсіпкерлер алдында өз жобасын қорғап та үлгерді. Алға қойған мақсаты орындалатынына студент сенімді.

Вадим Барабаш – байқауға қатысшы.

-Менің жобам тоңазытқыш жөндеуге арналып отыр. Бұл іс қазіргі кезде қаламызда сирек кездеседі. Жобам іске ашып жатса елге пайдасы тиетіндігіне сенімдімін.

Байқау екі күн бойы жалғасады. Қорытындысы мамырдың 30-ы белгілі болмақ.