МТРА жаңалықтары

Петропавлда 100 жылда бір рет гүлдейтін “Цереус” кактусы гүл ашады

Равиль Рязапов – “Қызылжар оранжереясы” МКҚК бас агрономы.

-Бүгін біз үшін айтулы күн. Себебі, 1 ғасырда бір рет гүлдейтін – Цереус кактусы бүгін түнгі 12:00-де гүл ашпақ. Оның пайда болатын үлкен ақ гүлі әдемілігімен қатар хош иісімен де таңғалдырады.

Негізінен Оңтүстік Америка мен Кариб аралдарында өсетін тікенекті өсімдіктің гүл ашқанын көру үшін еліміздің түкпір-түкпірінен қонақтар жиылуда. Солардың бірі – Қостанай қаласынан келген Берік Қайдаров көптен күткен құбылыстың куәгері болмақ.

Берік Қайдаров.

 

-Мен бұл ботаникалық баққа бірінші рет келіп тұрмын. Біздің Қостанай қаласында бұндай бақ жоқ. Мұнда серуендеп жүріп тамаша әсер алдым. Осында қызмет атқаратын мамандарға ризашылығымды білдіремін.

Сирек кездесетін тікенек гүлдің отаны Оңтүстік Америка болып саналады. Ал оны Солтүстік Қазақстанға 1912 жылы ботаникалық бақтың бас агрономы Равиль Рязаповтың атасы әкелген екен.

Дана Ешкенова.