Без категории

Мамырдың 31-і – Саяси репрессия құрбандарын еске алу күні

Жанахмет Саржанов осыдан шамамен 80 жыл бұрын болған қуғын-сүргін жылдарын еске алғысы да келмейді. Өйткені, сол отызыншылардың ортасында ол туған әкесінен көз жазып қалады.

Жанахмет Саржанов.

-Барлық төсек-орын, киіздерді алып кетті. Ескі-құсқымен қалдық. Киім жоқ. Солай оқу оқып, жұмыс істедік. Қиыншылыққа төзіп шықтық.

Жанахмет Саржановтың әкесіне «Кеңес үкіметіне бағынбай, қарсы шықты» деп кінә тағылған екен. Анасы болса, шиіттей 9 баламен жалғыз қалыпты. Елдегі күнкөріс нашарлап, кейін ол қалаға жұмыс істеуге келеді.

Жанахмет Саржанов.

-Ал 1943 жылы мені осы Петропавлға жіберді. Әскери зауытқа жас мамандар керек деді. Техникумда оқып, мен разряд алдым.

Жанахмет Саржановтың жұбайы – Зәйни Шаймұратқызының отбасын да қуғын-сүргін айналып өтпепті.

Зәйни Саржанова.

-Қиын болды. 3-уін алып кетті. Ол кезде атам да жоқ та. Шешем де өлген. Бізді әкемнің апасы алып бақты.

Қазір бақытты қариялар алаңсыз өмір сүріп бала-шағасының қызығын көруде.