Балалар

Студенттер “Жасыл ел” бағдарламасы бойынша жұмыспен қамтылмақ

Ғайша Рамазанова – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ жаратылыстану ғылымдары және спорт факультетінің студенті.

-Оқу үрдісі аяқтала салысымен “Жасыл ел ” бағдарламасымен орман алқаптарын тазалауға кірісеміз. Бұл – бағдарлама экологияны жақсартуға, орман алқаптарын таза ұстауға және де біздің студенттеріміз тәжірибе жүзінде білімдерін нығайтуға керек деп ойлаймын. Елбасымыз бұл – бағдарламаны енгізгеніне ризамын.

“Жасыл ел” бағдарламасы бойынша облысымыздың студенттері жыл сайын уақытша жұмыспен қамтылады. Осы жылы да бұл дәстүр жалғасын тапты. Қазір 1 шілдеден басталатын жұмыстарға еңбек жасақтары құрылуда. Кеше ғана жасалған тізімге 100-ге жуық адам жазылып үлгерді. Аталмыш бағдарламаға қатысушылардың барлығы да еңбек пен демалысты бірге ұштастырғысы келетіндер,- дейді унивеситеттің әлеуметтік және тәрбиелік жұмыстар бөлімінің басшысы Эльмира Танақұлова.

Эльмира Танақұлова – М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің әлеуметтік және тәрбиелік жұмыстары бөлімінің басшысы.

-Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен республикалық “Жасыл ел” бағдарламасы іске аса бастады. Бұл маңыздылығы жоғары бағдарламаға Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері де ат салысуда. Жыл сайын “Жасыл ел” қатарына қосыламын дейтіндердің қатары өсуде. Менің ойымша, бұл жоба жастарды еңбекке баулып,тәрбиелейді. Сонымен қатар, студенттер бір маусымда 40-50 мың теңге көлемінде ақша да табады.

Республикалық “Жасыл ел” бағдарламасы табиғатты қорғау мен экологияны сақтауға ғана емес, жастардың тәрбиесі мен еңбекке баулуға да бағытталған. Өткен жылдың өзінде ғана аталмыш бағдарламаға СҚМУ-нің 323 студенті ат салысқан екен.

 

 

 

Айгерим Ержанова.