Балалар

Салауатты өмір салтын қолдайтын жастар арасында дебат турнирі өтті

Нұрсаят Саркен “СҚО бойынша Жастар бастамалары орталығы” ЖШС жетекшісі.

-Осындай турнирлардың арқасында жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырамыз. Бәріміз бірігіп атқарған жұмыстардың пайдасы болады деген сенімдемін.

-“Өмірің өз қолында” деп аталған облыстық дебат турнирында жалпы 6 команда бақ сынауда. Дәл қазір, Тайыншалық дебатшылармен Медициналық колледж студенттері сынға түсіп, кім мықтыны анықтамақ.

Қос команда “Әлеуметтік орындарда темекі шегетін адамдарды жазалау түрлері” тақырыбында сайысуда. Болашақ дәрігерлер жазалау шараларын қатаң түрде жүргізу керек десе, Тайыншалықтар оларға қарсы пікірде. Сайыста аудандық құрама намысын спикер Светлана Закревская қорғауда. Ол бір жылдан бері пікір-талас клубында өнер көрсетіп жүр. Бүгінгі жарыста құрамасының жеңіске жететіндігіне сенімді.

Светлана Закревская – турнирға қатысушы, Тайынша ауданы.

 

-Біздің команданың құрылғанына ұзақ уақыт өтпесе де, бірнеше жарысқа қатысып үлгердік. Жеңімпаздар қатарынан жиі табылып жүрміз. Құрамада пікір-сайысты ұнататын жастар жетерлік. Бүгінгі жарыста өз ұстанымдарымызды нақты фактілермен дәлелдеуге тырысамыз.  

Турнир соңында жеңімпаздар анықталып, грамота және бағалы сыйлықтармен марапатталады.