Білім

Қорғандық меймандар М.Қозыбаев атындағы СҚМУ ұжымымен кездесті

Валентина Федорова – Қорған мемлекеттік университетінің профессоры, РФ.

-Мен теріскей жеріндегі университетке бұрын келген емеспін. Қазақстанның көптеген жоғарғы оқу орындарымен әріптестік орнатқанбыз. Енді міне осы жоғары білім ошағымен серіктес болмақ ниеттеміз. Бұндағы педагогтарға, студенттерге орыс халқының әдебиеті, фольклоры жайлы ақпарат беріп, өз тәжіриебеммен бөліспекпін.

Жиын барысында Валенитина Федорова өзімен бірге ала келген орыс халқының түрлі жанрдағы ертегілер кітабымен қалай жұмыс істегендігін баяндады. Бірқатар туындалардың шығу негізін түсіндіріп, кітаптарды педагогтарға сыйға тартты. Бұндай кездесулер біздің университет ұжымы мен студенттері үшін тиімді болмақ. Көршілеріміздің мол тәжірибесі жергілікті педагогтардың алдағы жұмысына тың серпіліс береді дейді тіл және әдебиет институтының директоры Жанар Таласпаева.

Жанар Таласпаева – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ тіл және әдебиет институтының директоры.

-Бұндай кездесу біз үшін өте тиімді. Алдағы уақытта осы университетпен тығыз әріптестікте болмақпыз.

Әзірше Қорған мемлекеттік университетінде білім алатын солтүстіқазақстандық студенттер жоқтың қасы. Бірақ алдағы уақытта аталмыш жоғарғы оқу орны академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша әріптестік ететін білім ордаларының тізіміне қосылмақ.

 

 

Риат Шони.