Спорт

Петропавлда ҚР ІІМ ТЖК қызметкерлері арасында жетінші жазғы спартакиада өз жалауын көтерді

Серік Қарденов – ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтының кафедра меңгерушісі.

-Мен аталмыш сайысқа бесінші рет қатысып отырмын. Бүгінгі жарыстабиіктен көрінетініме сенімдімін. Себебі, бұл бәсекеге көп уақыт бойы дайындалдық.

Міне, жарыс басталып та кетті. Жеңіл атлетикадан өтіп жатқан алғашқы додада 30 жасқа дейінгі спортшылар бағын сынауда. Олар 100 метр қашықтықты бағындыруы тиіс.

Жалпы бұндай дәрежедегі спартакиадалар өңірімізде дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады.

Аябек Махметов – бас төреші.

-Бүгін Петропавлда жетінші жазғы спартакиада бастау алды. Қазіргі уақытта жеңіл атлетика бойынша, 17 құрама оның ішінде 120 спортшы қатысты. Ал, ертенгі күні қатысушар өз бағын эстафетада сынайтын болады.

Салауатты өмір салтын насихаттау бағытындағы спорттық шара 2 күнге жалғаспақ.

 

 

Сагыныш Маркашева.