Аптадағы маңызды жаңалықтар

Облыс әкімі Индустрияландыру картасына енген өндіріс орындарын аралады

Боштай Жүнісов – “Жүнісов” ЖК басшысы.

-Былтыр бір сменада 500 блок шығарсақ, енді бір сменада 1 мың-1,5 мың жасауымыз мүмкін. Біз осы затты сертификаттап, құжаттарын алдық. Сапасы өте жақсы. Алып жатқан кісілер бізге тек рахметін айтуда.

Сондай-ақ, мұнда нысанның сыртын қаптайтын заттар мен жаяу жүргіншілер жолына төселетін төрт бұрышты тақталар жасалады.

Боштай Жүнісов: “Жүнісов” ЖК басшысы.

-Қалада жол мен тротуардың аралығындағы ағаштардың ортасында жер болады ғой. Ол шашылады, мысалы. Мынаны енді кеңсенің қасына орналастыруға болады. Яғни, ішіне топырақ салып, шөп ексе жақсы өседі.

Кәсіпкер Боштай Жүнісов “Бизнестің жол картасы-2020” мемлекеттік бағдарламасы аясында “Даму” қорынан екі рет 7 млн. теңгеден несие рәсімдеген. Бұл қаржыға құрал жабдық сатып алыпты. Өндіріс барысымен танысқан өңір жетекшісі Ерік Сұлтанов тиімді болса, блоктарды облыста құрылыс барысында жиі қолдану қажеттігін айтты.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

-Посчитайте все, сколько будет стоить ваша продукция. Мы будем закладывать в проекты строительства домов. Если это дешевле кирпичной кладки и выгодно, мы будем максимально использовать вашу продукцию.

Ал, мына кәсіпорынды омбылық және солтүстікқазақстандық кәсіпкерлер бірлесіп ашқан. Мұнда әйнек пен пенопропиленнің қосындысынан композит шығарылады. Бұл материал су құбырларын жасауда қолданылады. Дайын өнім Ресейде жасалады.

Александр Голотяк – “ТД “Аква-пластик” ЖШҚ өкілі, Омбы қаласы, РФ.

-Композит құбырлардың ортаңғы қабатына қосылады. Одан құралдың төзімділігі арта түседі. Мұндай құбырларды пайдалану мерзімі 50 жылға жетеді.

Кәсіпорынның істеп жатқанына, әзірге, бір ай болыпты. Осы уақыттың ішінде композиттің 100 тоннасын шығарған.

 

 

 

Данаш Хамзина.