Білім

Жас маман – “Дипломмен ауылға” бағдарламасының шарапатын көрмек

23 жастағы маман иесі – бір жылдың ішінде оқушылардың сүйікті мұғалімі атанып үлгерген. Ол мектепке келгелі – бүлдіршіндердің есеп шығаруға деген қызығушылықтары арта түскен.

Юля Матвеева, Белое орта мектебінің 5-сынып оқушысы, Қызылжар ауданы.

-Музыка, орыс тілі және математика пәндерін сүйіп оқимын. Ол кісімен бірге есеп шығарған ұнайды. Сабақты жақсы түсіндіреді. Өзінің пәніне деген біздің махабатымызды да арттыра түсті десе болады.

Оқушылардың сүйікті ұстазы – Кирилл Симчера М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-нің 2014 жылғы түлегі. Жоғарғы оқу орнын аяқтаған соң, оның алдынан «Жұмысқа орналасу» мәселесі шыққан. Десе де, маман “Дипломмен ауылға” мемлекеттік бағдарламасы бойынша еңбек жолын ауылдан бастауды жөн санапты. Сөйтіп, Белое орта мектебіне жұмысқа орналасқан. Күнделікті жұмысына бауыр басып үлгерген ол, оқу жылы аяқталған бойда осы бағдарлама аясында көтерме ақы және төмен пайыздық үстемемен несие алу үшін құжаттарын рәсімдепті. Алда ауылдағы қызметін жалғастырып, үй тұрғызбақшы.

Карилл Симчера, Белое орта мектебінің матеметика пәнінің мұғалімі, Қызылжар ауданы.

-Университетте грантта оқығандықтан, осы бағдарлама аясында жұмысқа жылдам орналастым. Алғаш табалдырығын аттаған қызмет орным да осы мектеп. Қазір үйреніп кеттім. 3 жыл мерзімдік шарт бойынша келгенмін. Ал енді, осы жерде түбегейлі қалғым келеді. Бағдарлама аясында 5 млн. теңгеге дейін несие алуыма болады. Ауылда ұнады. Сондықтан үй салатын шығармын.

Аталмыш білім ордасының директоры Ботакөз Садриева болса, жас ұстаздың сабақ өткізу тәжірибесімен қатар, оқушыға жол таба білу қабілеті де ұнағанын айтып отыр. Жалпы, Белое орта мектебінде бүгінде 100-ден аса бала білім алуда.

 

Акбопе Танирберген.