МТРА жаңалықтары

Теріскейлік скрипкашы қыз «Fiestalonia Almaty» байқауынан жүлделі оралды

Ольга Свисткова «Музыкалық эстетикалық бейімдегі дарынды балаларға арналған өнер колледжі» кешенінің оқытушысы.

-Бізде оқитын 18 оқушының алтауы оқу жылын үздік аяқтады. Енді міне, ата-аналарды шақырып, қорытынды қонцерт қоюды жөн санадық. Айта кететін жайт, жақында ғана Алматыда халықаралық дәрежедегі байқаудан оқушым Лианна Хекоян жүлделі оралып отыр. Қанша жылғы еңбегім жанып ерекше қуанышқа бөлендім.

Негізінен тек Европада өткізілетін фестиваль биыл «Fiestalonia Almaty» атауымен еліміздің мәдени ордасында ұйымдастырылған екен. Жерлесіміз Базарбай Жұманиязовтың «Романс» және Даль Обаконың «Эжена» композициясын орындап, 2 дәрежелі лауреат атанып келді. Оның үлкен сахнада көрсеткен өнерін Европаның – Италия, Испания және Франция елдерінен келген өнер майталмандары бағалаған.

Лианна Хекоян “Музыкалық эстетикалық бейімдегі дарынды балаларға арналған тәрбиеленушісі.

-Мен фестивальға жарты жылдан артық дайындалдым. Бұл менің халықаралық дәрежедегі байқауға бірінші қатысуым. Сондықтан, қатты қобалжыдым. 1200 қатысушы болды. Оның ішінде 7-12 жас категориясында маған бақталастық танытқандар саны 32. Екі туындыны да шатаспай, саспай орындап шықтым. Қазылар алқасы мені мақтап, Европадағы фестивальдерге қатысуға шақырды.  

Лианна 6 жылдан бері скрипкада ойнайды. Бүгін оның өнерін есеп беру кешіне көрермен ретінде келген ата-аналары мен достары да тамашалады.

Лианна қазіргі таңда скрипкадан бөлек фортепианода ойнап, ән айтумен әуестеніп жүр. Алдымыздағы маусымда аталмыш фестивальдің Болгария мен Италиядағы кезеңдеріне қатысып қайтуды жоспарлап отыр.

 

 

Акбопе Танирберген.