МТРА жаңалықтары

СҚО-да прокуратура қызметкерлерінің алқа мәжілісі өтті

Шолпан Абдрахманова: СҚО прокуратурасы төртінші басқармасының бастығы.

-Тексеріс жұмыстары өткен және үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанындағы құжаттардың орындалуына қатысты жүргізілді. Айта кету керек, өндірілуі керек борыш пен банктің пайдасына шешілетін берешектен басқа барлық 9 категория бойынша жұмыс жүргізілді. Барлық мәселені қамтып өттік. Нәтиже көңіл көншітерлік емес.

Әділет департаментіндегілер болса, бар себепті – кадр тапшылығы мен бар салмақтың сот орындаушыларына түскенінен көріп отыр. Бір қызметкерге соттардан мыңдаған құжат түсетін көрінеді. Осының салдарынан ағымдағы жылдың 1-ші тоқсанында прокуратураға аталмыш сала қызметкерлерінің әрекетсіздіктеріне байланысты – 172 шағым түскен. Дені алимент өндіруге қатысты.

СҚО облысының прокуроры Степан Зайтлер мәселені ушықтырмай, қысқа мерзімде бос жұмыс орындарына мамандарды қабылдауды ұсынды. Екінші кезекте талқылынған сұрақ – 2015 жылғы қаңтардың бірінен қоғамдық жұмыстарға байланысты заңға енгізілген өзгерістер.

Андрей Бессонов: СҚО прокуратурасы жетінші басқармасының бастығы.

-Бұрын қоғамдық жұмыстармен жазаланған адамды бір ұйымның қарамағына жұмыс істеуге жіберіп, оған жалақы төленетін. Ендігі кезекте, олар жергілікті атқарушы органдарда тегін қызмет атқармақ. Жыл басынан бері 30 адам жазаның осындай түріне тартылды. Біз мұндай өзгерістерді қолдап отырмыз. Бастаманың нәтижесі болатынына сенеміз.

Отырыста қозғалған барлық мәселерді шешу үшін қызметкерлер тарапынан көптеген ұсыныстар айтылды.

 

 

 

 

Акбопе Танирберген.