МТРА жаңалықтары

Омбы облысы губернаторының уақытша міндетін атқарушы- Виктор Назаров өңір кәсіпкерлерімен кездесті

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі.

-Бүгін бізге қонаққа Омбы облысының делегациясы келді. Сіздерге сәттілік тілмеймін. Түрлі салада әріптес тауып, тиімді келісімшарт жасауға тілектеспін. Бұл бірыңғай экономикалық одақты дамытуға және екі елдің экономикасын нығайтуға зор мүмкіндік болмақ.

Жиынға қатысушылардың басым бөлігін өнеркәсіптік сектор мен ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету және құрылыс саласының өкілдері құрады. Ресейлік компания басшылары аймағымыздың бизнес өкілдерімен бірқатар бағыттар бойынша өзара ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. Айталық, Омбы облысында 2011 жылы негізі қаланған «ЭкоХИМ» өндірістік-коммерциялық фирмасы құрылысқа қажетті материалдар, бояулар мен құрғақ қоспаларды шығарумен айналысады. Кәсіпорын солтүстікқазақстандық бизнес өкілдерімен екіжаққа тиімді әріптестік орнатуды көздейді.

Станислав Могилев- «ЭкоХим» ЖШҚ директоры, Омбы облысы, РФ.

-Солтүстік Қазақстан облысымен әріптестік орнатсақ жақсы болар еді. Тауарды өткізу үшін қолайлы, әрі жақын маңда орналасқан өңір. Осыған дейін ешбір байланыс жасаған емеспіз. Қызықты ұсыныстар түседі деген ойдамын. Біз өндірісте таза экологиялық өнімдерді қолданамыз. Бұл тұтынушыларға да тиімді болмақ.

Жалпы бүгінгі күні Омбы облысы мен қазақстандық кәсіпкерлерге ортақ 200-ге жуық өндіріс ошағы бар. Келешекте олардың санын еселеу межеленген.

Татьяна Хорошавина- Омбы сауда- өндірістік палатасының президенті, РФ.

-Екі облыс арасындағы тауар айналымы 350 млн АҚШ долларын құрайды. Қазір ресей рубілінің құнсыздануымен бұл көрсеткіш біршама төмендесе де, біз шаруаны жалғастыруды көздеп отырмыз. Инвестиция көлемі де артып келеді. Қазақстандық инвестицияның 130 пайызы осы Омбы облысына тиесілі.

Кейін делегация өкілдері өңір кәсіпкерлерімен кездесті. Жиынды ашқан облыс әкімі Ерік Сұлтанов бүгінгі күні өз ісін ашамын деген кәсіпкерлерге елімізде жақсы жағдайлар жасалғандығын атап өтті.

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі.

-Мемлекеттік қолдауды бизнесмендер табысты түрде пайдаланып келеді. Бәсекеге қабілетті өнім өндіріп, экспортқа тауар шығарады. Сіздердің өңірлеріңізде де қазір біздің кәсіпкерлер сәтті жұмыс жасауда. Бұл екі елдің экономикасының дамуына үлес қосады. Ал осындай кездесулер әріптестікті әрі қарай дамытуға мол мүмкіндік туғызуда.

Ресей Федерациясы ұзақ жылдардан бері Солтүстік Қазақстан облысының басты сауда-экономикалық серіктесі болып табылады. Омбы облысы үшін елімізбен ынтымақтастық орнатудың стратегиялық маңызы зор. Сондықтан талқылайтын ортақ мәселе көп деді Омбы облысы губернаторының уақытша міндетін атқарушы Виктор Назаров.

Виктор Назаров- Омбы облысы губернаторының уақытша міндетін атқарушы, РФ.

-Елдеріңізде бизнесті дамытуға жасалған жағдайлар жақсы. Таң қалдырғаны тиімді шарттар қарастырылған. Әрі формат ерекше. Сондықтан Қазақстанда бизнес жақсы қарқын алған. Бүгін мол тәжірбие жинақтадық.

Кейін екі елдің кәсіпкерлері сөз алды. Екі жаққа да тиімді әріптестік орнатудан олардың да дәмелі екендігі байқалады.

Лейла Сайдашева- «ViZaVi Company» ЖШС директоры.

-Біздің тауар Омбы облысында аса танымал емес. Сондықтан бұл мәселені шешуді көздеп отырмыз. Келешекте көршілес ел нарығына кондитерлік өнімдерді молынан экспорттау ойымызда бар. Осындай кездесулер олардың алғырашты деп санаймын. Яғни біз осы жерде барлық проблемаларды талқылау мүмкіндігіне ие болдық.

Сергей Смирнов- «Холлифуд» ЖШҚ қазақстандық филиалының директоры.

-Ақпан айында жүргізілген келіссөздердің нәтижесінде осы облыста «Низкоцен» брендті сауда орындарын ашуды жоспарлап отырмыз. Ол Булаев қаласында орналасатын болады. Қазір тиісті құжаттар дайындалып, құрылыс жұмыстарын жүргізуге қажетті жер телімі алынған.

Ресейде мұндай танымал сауда орындарының саны 46. Сондықтан жоба өңірімізде сәтті жүзеге асса, осындай орталықтардың санын ел бойынша арттыру көзделген.

 

 

 

Магжан Ахмадина.