МТРА жаңалықтары

Шаһар басшысы ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізуге белсенді қатысқандарды марапаттады

Марат Тасмағанбетов – Петропавл қаласының әкімі.

-Сіздерді облыс әкімі Ерік Сұлтановтың атынан жуырда өткен Президент сайлауын ұйымдастырып, саяси науқанның заңды өтуіне ат салысқандарыңыз үшін алғыс айтамын. Осы күні қаладағы учаскелерде 133 837-і петропавлдық таңдауын жасады. Олардың бәрін дауыс беруге шақырып, тізімдерін құрастырып, барлық құқықтарын түсіндірудің арқасында осындай жоғары көрсеткіштерге қол жеткіздік.

Бірініші кезекте, ел Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізуде белсенділік танытқан сайлау комиссиясының мүшелері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан құрмет грамоталарына ие болды. Сый-құрметке бөлегендердің қатарында қалалық әкімдік аппаратының ардагері Лариса Орловская да бар. Нәзікжанды саяси науқанда қалалық штабта қызмет атқарған.

Лариса Орловская – қала әкімдігі аппаратының ардагері.

-Әрине, еңбегіңді елеп, бағалап жатқаны кімге де болса зор қуаныш. Дегенмен, азаматтық тұрғыдан ҚР Президентін сайлауға аз да болса үлесімді қосқаныма қуаныштымын. Сайлауға біздің штаб тыңғылықты әзірлік жүргізді.

Сондай-ақ, тағы бір топ жан қала әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ, кездесуде сайлау учаскелерінде жұмыс жасағандарға шаһар жетекшісі Марат Тасмағанбетов қолсағаттарды табыс етті.

 

 

Бакыт Садуакасов.