Қызылжар ауданындағы “Dostar New” ЖШС “Бизнестің жол картасы 2020” бағдарламасы аясында 60 млн. теңгенің несиесін рәсімдеді

МТРА жаңалықтары

14:14 26 Мамыр 2015

Зауыт өз өнімдерін ел нарығында саудалайды екен. Мәселен, мына бетон араластырғыш Семей қаласына жөнелтіледі. Жуырда кәсіпорын «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы арқылы 4 пайыздық үстемақымен 3 жылға 60 млн теңгенің несиесін рәсімдепті. Енді бұл қаражаттың арқасында серіктестік жұмысшылары жаңа өнім шығармақ ойда.

Оразбек Ақтаев – «Dostar New» ЖШС директоры, Қызылжар ауданы.

-Несие қаражатына сабан жағатын пеш, астық кептіргіш, жоңқа ұсақтағыш жасап шығармақпыз. Қазір инженерлеріміз жаңа жобалардың кескіндерін әзірлеу үстінде. Бұндай істі қолға алған себебіміз – аталған қондырғылар елімізге шетелден енгізіледі. Бағасы да қымбат. Ал біз оны 40 пайызға төмендетіп, саудаламақпыз.

Қазіргі таңда кәсіпорынның 2 өндірістік цехы жұмыс істеп тұр. Бүгінде мұнда 40 түрлі өнім шығарылады. Жалпы зауытта 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Әрбіреуі еңбек өтілі мен мамандығына сай жалақы алады. Сайран Осипов мұнда дәнекерлеуші болып қызмет етеді. Кәсіпорында істеп жүргеніне 5 жылдың жүзі болыпты.

Сайран Осипов – ” Dostar New ” ЖШС дәнекерлеушісі, Қызылжар ауданы.

-Лазер білдегі болгаркамен кесе алмайтын қиын деген элементтерді оңай кесіп шығады. Біз бар болғаны компьютерге бағдарламаны енгізіп, станоктың жұмысын бақылап тұрамыз.

Жалпы “Dostar New ” ЖШС-ндегі еңбеккерлердің орташа айлық жалақысы 60-70 мың теңгені құрайды.

Риат Шони.