Без категории

“Мәңгілік жадымызда” атты кітаптың тұсауы кесілді

Зарап Құсайынов қалалық «Қызылжар нұры» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы.

-Бұл енді біздің ұлы ерліктің куәгері болатын кітап. Әр үйде болу керек. Соғыс кезіндегі батырлармен тыл еңбеккерлерінің ерлігін паш етер үлгі-өнеге.

Кітаптың тұсаукесеріне Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері және зиялы қауым өкілдері қатысты. Оқырмандар жинақпен танысып шығыпты. Көңіліміз толды дейді.

Таңат Сүгірбаев «Асыл мұра» орталығының жетекшісі.

 

-Брест қамалын қорғау, Мәскеу үшін жүргізілген соғыстарда жерлестеріміз ерлікпен соғысты. Жеңістің шежіресі бастан-аяқ толық жазылған.

Айта кеткен жөн, жинаққа облыстық мұрағат және музей қызметкерлерінің, журналистердің мақалалары да енгізілген.