Спорт

Петропавлда банк қызметкерлері арасында шағын футболдан ойындар басталды

Жомарт Қажырақымов ҚР Ұлттық банкі” АҚ СҚОФ директоры, СҚО Шағын футбол федерациясының президенті.

-Банктар арасында шағын футбол жарысын жиырма жыл бұрын бастап едік. Бұл жыл сайын тартысты өтетін бәскелердің бірі. Банк қызметкерлерінің достығын нығайтуға, корпаративтік қарым-қатысты жақсарту мақсатында өткізіп отырмыз.

Аяқ доп ойыншылары турнир барысында екі футбол алаңында сынға түсті. Ең алғашқы болып алаңға ақ жейдедегі “Цеснабанк” қызметкерлері мен көк жейде киген “Форте Банк ” құрамасы шықты. Ұзақтығы небары 20 минутқа созылатын ойында цесналықтар бірден шабуылға кірісті. Сауатты шабуылдар жасап, көп ұзамай есепті де ашып үлгерді.

Дегенмен, “Форте Банк ” құрамасының футболшылары оңай шағылатын жаңғақ емес. Олар да қарымта шабуылдарға көшіп, гол соғудың амалдарын қарастыруда. Мықты жасақталған ақ жейдедегілер де, өз кезегінде, қателік жібермей ойынның бірінші бөлігінде 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Ойынның екінші жартысында көк жейдедегі футболшылар шабуылдарына қарқын қоса түсті. Тактикалық ұжымдасқан жұмыстың арқасында гол соғып, есеп айырмасын қысқартты. Өкінішке орай, есе қайтаруға уақыт жетпеді. Қорытынды есеп 5:2. “Цеснабанк” аяқдопшылары жеңіске жетіп қанжығаларына 3 ұпайды байлады.

Марат Қрым “Цеснабанк” АҚ СҚОФ құрамасының шабуылшысы.

 

-Былтырғы жылы жақсы ойнап едік бірақ финалдық ойындарға шыға алмадық. Жеңіске бар күшімізді саламыз.

Айта кеткен жөн турнир бір жұма бойы жалғасады. Апта соңында өз топтарында жеңімпаз атанған құрамалар бір-бірімен сайысқа түсіп мықтыны анықтайды. Жеңімпаздар кубок, медаль, дипломдармен марапатталады.