Аптадағы маңызды жаңалықтар

«Inter Logic» кәсіпорны 9 жыл бойы көліктік-логистикалық қызмет көрсетуде

Денис Белько, «Inter Logic» ЖШС директоры.

-Көтергіш кран тұрған ашық жер 5 мыңға жуық шаршы метрді алып жатыр. Мұнда теміржол 3 тарамға бөлінген. Яғни, 5 кірме жол бар. Бір уақыттағы жалпы сыйымдылығы – 40 вагон.

Компанияның тауарды жеткізу бойынша барлық іс-әрекеттері құжатпен рәсімделеді. Клиенттердің қалауы бойынша оларға сақтау қызметі де ұсынылады. Мұнда ашық және жабық күйдегі қойма терминалдары бар. Оған қоса тағы біреуі салынып жатыр. Аймақ басшысы сақтау орындарының сыйымдылығын және қамсыздандырылуын сұрады. Кәсіпорын басшысының айтуынша, нысан замануи технологиямен жабдықталмақ. Жалпы, компанияның алдағы жоспары ауқымды.

Денис Белько, «Inter Logic» ЖШС директоры.

-Бүгінде жұмыстың көлемін көбейтуді және көліктік логистика бағытында жаңа мүмкіндіктерді қарастырудамыз. Тасымал қызметінің ауқымын кеңейткіміз келеді.

 

 

Данаш Хамзина.