МТРА жаңалықтары

Кепіл бұлтартпау шарасы жүйелі түрде пайдаланылады

Данияр Мұстафин – Петропавл қаласы прокурорының көмекшісі.

-Кепілді қолдану тәртібі Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексінің 145 бабымен көзделген. Оның негізгі мақсаты айыпталушыны бостандығынан шектемей, тәртіпті мінез-құлығы жөніндегі міндетін материалдық шара негізінде қамтамасыз ету.

Бұл шара қылмыс жасаған тұлғаларды жаңа қылмыс жасаудан және құқық қорғау органдарынан жасырынудан шектейді. Жыл басынан облысымызда құқық бұзған 65 азамат аталмыш шара бойынша кепілдік ұсынып, бостандыққа шыққан. Кепіл мөлшері жасалған қылмыстың ауырлығы мен айыпталушының мүліктік жағдайына байланысты анықталады.

Данияр Мұстафин – Петропавл қаласы прокурорының көмекшісі.

-Жаңа қылмыстық іс жүргізу заңнамасының қағидаларына және ҚР Бас Прокурорының нұсқауына сәйкес кепіл ауыр емес, ауырлығы орташа және ауыр қылмыстар бойынша айыпталып келетін тұлғаларға қатысты қолданылады. Бүгінгі күні қала прокуратурасымен қылмыстық істер бойынша 65 тұлғаға қатысты кепіл қолданған.

Сөйтіп, ауыр емес қылмыстар үшін 50 айылық есептік көрсетіш көлемінде, абайсызда жасалған орташа қылмыстар үшін 150 айлық-есептік көрсеткіш сомасындағы кепіл, ал қасақана жасалған ауырлығы орташа заңбұзушылыққа кепіл ретінде 250 айлық есептік көрсеткішке тең қаражат немесе мүлік кепілге алынады. Ауыр қылмыс жасаған азаматтар болса, бостандыққа шығу құны 500 айлық есептік көрсеткіш.

-Айыпталушы қылмыстық қудалау органына келуден бас тартса, бұлтартпау шарасы қатаң шараға өзгертеді. Ал оның салған кепілін мемлекет пайдасына аударады.

 

 

Айгерим Ержанова.