МТРА жаңалықтары

Еңбек шарттарының сақталуы қатаң бақылауда

Бахтияр Жанбутин – СҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының бөлім басшысы.

-Әкімшілік жауапкершілікке 115 лауазымды және заңды тұлға тартылды. Олар 9,9 млн теңге көлемінде айыппұл төлеуі тиіс. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда біршама жоғары. Өйткені былтыр тек 286 заңбұзушылық фактісі анықталған болатын.

Жыл басынан бері жұмыс орындарында 35 оқыс оқиға тіркеліп, 35 солтүстікқазақстандық жапа шеккен. 3 адам қаза тапса, қалғандары түрлі дәрежедегі жарақат алыпты. Инспекция қызметкерлері еңбеккерлерге уақытылы жалақы төлеу мәселесін де үнемі қадағалап отырады. Сондай шаралардың нәтижесінде 96 млн теңгеден астам қаржы төлемеген 21 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Мағжан Ахмадина- тілші.

-Жұмысшыларының маңдай терімен тапқан жалақысын 3 айдан бері төлемей жүрген 1 кәсіпорын мамандар бақылауына алынған. Серіктестіктің еңбеккерлер алдындағы қарызы 3 млн. теңгеден асып жығылады.

Бұл кәсіпорынның атауы- “Новороссийское-АТП” ЖШС. Олар ауыл шаруашылығы саласында еңбек етеді.

 

 

Магжан Ахмадина.