МТРА жаңалықтары

19 маусымда өңірде туристік маусым ашылады

Ербахыт Амантай- Қазақ радиосының меншікті тілшісі.

-Жаз басталды. Туристерді тарту керек? Осы бағытта қандай жұмыстар атқарылып жатыр?

Айдын Керімбек- СҚО кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы.

-Бүгінгі күні Айыртау ауданында пантамен емдеу жобасы жасалып жатыр.19 маусымда оны ресмии түрде ашамыз. Туристік маусым да сол Айыртау ауданында сол күні ашылады.

Негізгі жұмыстар облыс орталығы мен Қызылжар, Айыртау, Есіл және Мамлют аудандарында жүргізілмек. Өйткені бұл жерлердегі табиғат туристік зоналарды ашуға қолайлы болып отыр. Тағы Тайынша ауданында күн панельдері жобасы жанданады. Ол 25 мегаВат қуат береді. Оны неміс компаниясы жасайды.

Ал оларға жарықты «Кегок» АҚ құрамындағы кәсіпорын жеткізетін болады. Сөйтіп шетелдік инвесторлар аймағымызға 37,5 млн еуро қаржы құймақ. Бұдан кейін тізгінді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы алды. Қазір егіс науқанының қызған шағы. Бұл бәрімізге белгілі. Сондықтан көбіне журналистерді осы мәселе қызықтырды. Бүгінгі күні 1 млн 74 мың гектар алқапқа дән себіліпті.

Қайрат Омаров- СҚО ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы.

-Оның 700 мыңнан астамы бидай тұқымдастары болса, 261 мыңы майлы дақылдар еншісінде. Диқандарға ауа райы қолбайлау болса да, шаруалар әрбір күнді тиімді пайдаланып қалуға тырысуда. Жанар-жағармай, техника мен минералдық тыңайытқыштар қоры жеткілікті.

Кейін сөз кезегі облыстық ветеринария басқармасының басшысына берілді. Қызылжар ауданындағы Семиполатное ауылында ірі қараның ауруға шалдығу фактілері анықталған. Бұл жағдай қазір өңірлік мал дәрігерлерінің назарында.

Ербатыр Мадияров- СҚО ветеринария басқармасының басшысы.

-Бүгінгі уақытта малдарды тексеріп, қан алу жұмыстары жүргізілуде. 34 мал бурцулезге тексерілуі керек болатын, бірақ 12-сі әлі өткен жоқ. 26-27 ол малдар өткізілуі керек.

Келесі брифинг 2 маусымда өтеді. Онда БАҚ өкілдері құрылыс және сәулет салаларына қатысты сұрақтар жолдай алады.

 

 

Магжан Ахмадина.