Құқық қорғау органдары

100 нақты қадам жарқын болашаққа бастар жол

Виктор Букреев- СҚО ІІД бастығының орынбасары.

-Елбасының құқық қорғау органдарындағы кадр мәселесіне қатысты қойған тапсырмалары жүзеге асырылуда. Полиция қатарында білікті мамандар жұмыс істеуі керек. Денсаулығы мықты, қызметке төзімді, білікті жандар қажет. Ол үшін қатарымызға қосылуға ылайықты маманды мектептерге барып, қарап, ертеден таңдаймыз. Олар өздерін жауапты мамандыққа ерте бастан әзірлеуі қажет.

Осылайша, қоғамдық кеңестің өкілдері ішкі істер органдарындағы жүргізіліп жатқан барлық іс-шараларға қатысатын болады. Бағдарламалар мен шешімдердің қабылдануына, олардың қалай орындалып жатқанын қадағалауға ат салыспақ. Елбасының бағдарламасында «қылмыстық құқық бұзу картасы» интернет-порталын құру идеясы да айтылған. Бұл қоғамға ішкі істер органдары жұмысының тиімділігін бақылауға мүмкіндік береді.

Спартак Қабденов- СҚО ІІД штабының бөлім бастығы.

-Ол азаматтарға өте тиімді оларқай жерде қылмыстар болып жатқанын көре алады. Басшылыққа да осал тұстарды анықтап, тез арада әрекет етуге мүмкіндік береді. Полиция қызметкерлері бүгіндері азаматтардың шағымдарына қатаң қарап отыр. Арыздар электронды түрде тіркеледі. Оны кім және қайда қаралып жатқанын біле алады.

Биылдан бастап енгізілген заңнамадағы өзгерістерге сәйкес, 1 тәулік ішінде келіп түскен арыз бойынша қандай шешім шығарғандығын тәртіп сақшысы жоғарғы жаққа жеткізуі тиіс. Бұл да дұрыс шешім қабылдауға үлес қоспақ. Бұл тәртіп сақшыларының жауапкершіліктерін күшейтіп отыр.

 

 

Магжан Ахмадина.