Білім

Түлектер алтын ұя- мектебімен қоштасуда

Күлпаш Қалғожина- СҚО білім басқармасы басшысының орынбасары.

-Құрметті түлектер осы жолда сіздерге көп табыс тілеймін. Елбасы жастарға зор үміт артады. Соны ақтайды деген сенімдемін.

11 жыл бұрын қазіргі түлектер де дәл осындай 1 сыныпқа ал қызыл гүлдерін қолына ұстап келгенді. Енді бүгін келешекке зор мақсаттар қойып, осы уақытқа дейін білім берген оқу ордаларымен қоштасуда. Бұл күн олар үшін есейіп, жаңа өмірге қадам басу сәті.

Махаббат Ережепова- № 17 ұлттық өркендеу мектеп- кешенінің 11 сынып оқушысы.

-Бүгін мен үшін ерекше күн. Қобалжып тұрмын. Осында мен 11 жыл бойы оқыдым. Мен үшін бұл мектеп өте қымбат.

Соңғы қоңырау мерекесі ұстаздар мен оқушылар үшін ғана емес ата-аналар үшін де ерекше қобалжулы сәт.

Жұпар Тикебаева- ата- ана.

-Немереме ақ жол тілеймін. Жетістіктерге жете берсін.

Гүлжан Нұғыманова- ата- ана.

-Баламның мектеп бітіріп жатқаны әрине өте қуанышты жайт. Десе де бойымда үлкен қобалжу бар. Алдағы уақытта балам осы мектеп қабырғасында алған білімін университетте де көрсетеді деген ойдамын.

Бұл күні үлкен аға-апаларын кішкене бүлдіршіндер де құттықтауға асықты. Олар түлектерге деген жылы лебіздері мен мектепке деген сүйіспеншілігін өлең жолдарымен білдірді.

Бұдан кейін тағатсыздана күткен соңғы қоңырау соғылды.

Биыл № 17 ұлттық өркендеу мектеп-кешенінін 20 оқушы тәмамдауда. Осынау маңызды күні түлектер достарына деген қимастық сезіммен вальс биледі.

Бұдан соң түлектер өздеріне арналып, төселген ақ жолмен жүріп өтті. Бұл мектептің өз шәкірттеріне деген ыстық ықыласы мен сәттілік тілеуінің белгісі. Жалпы аталған мектепте 854 оқушы бар. Оқу орны аты айтып тұрғандай, өз шаңырағының астына бірнеше ұлттың өкілдерін тоғыстырған. Мұнда бүгіндері 9 ұлттың балалары білім алады.

 

 

Магжан Ахмадина.