МТРА жаңалықтары

Таланты мира қорының өнерпаздары теріскейліктерге тамаша концерт тарту етті

Олег Ромашин – “Таланты мира” қорының әншісі.

-Маған көбіне лирикалық әндер ұнайды. Бұндай туындыларды көрерменге тарту еткенде, әнге жан тәніммен берілемін. Себебі, тыңдаушыларға әр өлеңнің мән-мазмұнын жеткізу әртістің басты мақсаты болып табылады.

Опера жұлдызы Олег Ромашин, бұл кеште солтүстікқазақстандық тыңдармандарға Эдуард Хильдің “Зима” атты туындысын ұсынды.

Шығармашылық бағдарламаның екінші бөлігінде әртістер соғыс жылдарындағы танымал әндерді паш етті. Соның бірі – Расул Ғамзатовтың “Журавли” әні.

Ресей елінен келген 3 баритонның өнері теріскейлік көрермендердің шын көңілінен шықты. Олар ризашылықтарын толастамаған шапалақтарымен жеткізді. Жалпы, “Таланты мира” қорында 200-ден астам өнерпаз және 86-ға жуық жобалары бар екен. Олар Қазақстан жеріне бірнеше рет келіп, өздерінің концерттік бағдарламасын түрлендіріп, жыл сайын ұсынуда.

Давид Гвинианидзе – “Таланты мира” қорының жетекшісі.

-“Таланты мира” қорында өнер көрсетіп жүрген дарындар Қазақстанға жиі келіп тұрады. Әсірессе, концерттік бағдарламаларымызды Петропавл қаласының тұрғындарына қуана ұсынамыз. Біздің кешке келген өнер сүйер қауымның қатары қалың болды. Біз оған, әрине қуаныштымыз.

Енді 3 баритон өздерінің ерекше нақыштағы концертімен Ақтобе қаласына жол тартпақ.

 

 

Сагыныш Маркашева.