Білім

СҚО-да 3 733 оқушы мектеп бітірді

Биыл Қазақ мектеп-гиназиясы 8-ші түлектер легі – 40 оқушыны қанат қақтыруда. Бұл күні түлектердің қуанышына ортақтасуға ата-аналар, ардагер ұстаздар мен ақсақалдар келді. Өңір жетекшісі де мектеп бітірушілерге алда тұрған маңызды сынақты ойдағыдай тапсыруда сәттілік тіледі.

Ерік Сұлтанов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

-Қадірлі қауым, бүгінгі күн біздің балаларымыз мектеппен қоштасып, үлкен өмірге жолдама алғалы тұр. Елбасы Н.Ә.Назарбаев жас ұрпақ тәрбиесіне, білім беру ісіне ерекше назар аударып, оқушылардың сапалы білім алып, үлкен азамат болуларына барынша жағдай жасап отыр.

Бұл күні ұстаздар мен мектеп әкімшілігі де түлектерін қимастықпен шығарып салуда.

Гүлжан Жақанова, Қазақ мектеп-гимназиясының директоры.

-Аяулы түлектер, өздеріңіз үшін, отбасыларыңыз үшін. Отан үшін білім алып, еңбек етіңіздер.

Үлкен өмірге қадам басқан қыз-жігіттер ұстаздарына қоштасу вальсін арнады.

Аға буын жас ұрпаққа әрқашан терең білім алу жолында жалықпай ізденіп, елдің дамуына еңбек ететін азамат болуларына тілектестік білдірді.

Ерсайын Рахматулин, мектеп бітіруші түлектің атасы.

-7 немерем бар. Соның біреуі Мәскеуде физикадан ғылыми жоба қорғап, грант иеленді. Екіншісі, Байқоңырдағы халықаралық байқаудан олжалы оралды. Бұл тәуелсіздігіміздің арқасы деп білемін.

Енді, бұл жастар үлкен өмірге қанат қақпақ. Мектепке тарыдай болып кіріп, таудай болып шығып жатқан түлектердің бірі – Мадина Бозбалаева. Талапкер “Алтын” белгі алудан үміткер. Оған қоса, ол республикалық байқаулар мен олимпиаданың жүлдегері. Енді, түлек мектеп қабырғасында алған білімімді үлкен сынақ ҰБТ дәлелдеп, ұстаздарымның үмітін ақтасам дейді.

Мадина Бозбалаева, Қазақ мектеп-гимназиясының түлегі.

-Мен ҰБТ-ны ойдағыдай тапсырым, медицина саласын таңдағым келеді. Жол түсіп жатса Л. Гумилев атындағы ЕҰУ түскім келеді.

Осынау сәтте түлектердің жүректері лүпіл қағып, бойларында қимастық пен қуаныш, аңсау мен арнам сезімдері араласып тұрды. Міне, көптен күткен сыңғырлаған қоңырау үні де естілетін сәт жетті. Соңғы қоңырау соғу құрметі оқу үздігі, 11-сыныптың оқушысы Мадина Бозбалаеваға берілді.

Осылайша, 2015 жылдың түлектері алтын ұя – мектебімен қош айтысып, жарқын болашаққа қадам басты.

Шолпан Каринава, СҚО Білім басқармасының басшысы.

-25-ші мамыр өңір бойынша 547 мектепте соңғы қоңырау соғылды. Осы күні облыстың білім ұяларынан 3 700- ден астам түлек қанат қақты. Оның 112-сі “Алтын” белгіге, ал 58-і ерекше үлгідегі аттестат алудан үміткер.

Салтанатты шарадан соң өңір жетекшісі Ерік Сұлтанов Қазақ мектеп-гиманзиясының ішін аралап, білім ошағының материалдық- техникалық базасын көрді.

 

 

Берик Касен.