МТРА жаңалықтары

“Айналайын” қазақ эстрадалық вокалдық балалар ансамбліне 15 жыл толды

Ботагөз Маметова Айналайын” вокалды балалар ансамблінің жетекшісі Ботагөз Маметова.

-Осы 15 жыл біздер үшін қызық өтті. Францияның Монтаржи қаласындағы еуразиялық халықаралық фестивалға, Республикалық “Айгөлек” байқауына қатыстық.

Ансамбль балаларды жас ерекшеліктеріне байланысты қабылдайды. Бүгінгі күні өнер ұжымының 4 тобында 45 бала вокалдық тәлім алуда. Олар ансамбь құрамы мен облыстық, республикалық, халықаралық жарыстардан жеңімпаз атанып жүр. Ұжымның репертуарында патриоттық, достық және балалар тақырыбындағы әндер жетерлік.

Мөлдір Сұраған.

-Мен мектепте ән айтатынмын. Қазір ансамблге келіп бірнеше ән үйреніп жүрмін. Қазір “Қазақстан”, “Балдәурен” сияқты әндерді шырқаймын.

5 жыл әншілер қатарында білім алып жүрген Мағжан Мақтабек бүгінгі кеште балалардың жалпы тобында өнер көрсетеді. Ол түрлі байқауларға қатысып үлгеріпті. Осындай жетістікке жетуіме ұстазымның қосқан үлесі зор дейді,- өнер иесі.

Мағжан Мақтабек.

-Ән маған өте ұнайды. Ән үйірмесіне барғаныма өкінбеймін. Жуырда “Аялаған Астана” байқауына қатысып келдім. Байқауға дайындаған ұстазыма алғысым шексіз.

Мерейтой иелерінің қуаныштарымен бөлісуге ансамбль қабырғасынан түлеп ұшқан түлектер де келіпті. Олар жас дарындарға жол ашатын “Айналайын” – шаһарымыздың іргелі ансамблі екендігін айтады.

Нұрсұлтан Қанафин ансамбль түлегі.

-Қаламызда осындай жас әншілерге жол ашатын ансамбль болғандығына қуанамын. Балалар кішкентай кездерінен сахнаны танып, білгені дұрыс.

Бауыр еті баласының өнерін тамашалауға келген ата-аналар залда көп болды. Олар жас өнерпаздар салған әндерге қосылып қошеметтерін білдірді. Ансамбль құрамында өнер көрсететін Әділхан Адамның анасы ұлына әрқашан қолдау білдіретінін айтады.

Махаббат Құрманова ата-ана.

 

-Биылдан бастап енің балам Әділхан үйірмеге қатысады. Ән айтуды барынша үйреніп жүр. Ол үшін отбасымызбен қуанамыз. Ұжымға тек қана табыс тілеймін.

Концерт соңында “Балалар және жасөспірімдер шығармашылық орталығының” атынан баларға тәтті торт сыйға тартылды.