Білім

Петропавлда КСРО-ның ұшқыш-ғарышкері Александр Викторенко атындағы сыйлық тапсырылды

Ал бұл игі істі бастауды 2002 жылдары колледж директоры болған Анатолий Башмаков ұсынған болатын.

Жалпы КСРО-ның ұшқыш-ғарышкері Александр Викторенко Шал ақын ауданындағы Ольгинка селосында дүниеге келген. «Мир» орбиталық станциясына 4 рет ұшқан екен. Александр Викторенкомен ғаламтор арқылы байланыс орнатылды.

Александр Викторенко – КСРО ұшқыш-ғарышкері, Кеңес Одағының Батыры.

-Мен сіздер үшін өте қуаныштымын. Студенттер алда да осылай оқуда озат болыңыздар, ал педагогтардың еңбегі жыс сайын өз жемісін берсін.

Бүгінде колледжде 1300 студент білім алады. Соның 12-і оқудағы үздік табыстары және белсенді қоғамдық іс-әрекеттер үшін КСРО-ның ұшқыш-ғарышкері, Кеңес Одағының Батыры Александр Викторенко атындағы ақшалай сыйлық, 10 мың теңге мен дипломға ие болды. Марапатталғандардың қатарында 3-ші курс студенті Әсем Жүнісова да бар. Нәзік жанды алдағы уақытта да білімін тереңдетіп, қоғамдық жұмыстарға белсенді араласатынын тілге тиек етті.

Әсем Жүнісова – ПҚЭК студенті.

-Мен колледж ұжымына алғыс айтамын. Алда да осылай белсенділік танытуға тырысамын.

Айта кету қажет, 2010 жылдан бастап студенттермен қатар, колледж қызметкерлері де арнайы марапаттарға ие болуда. Бүгін Кеңес Одағының Батыры Александр Викторенко атындағы ақшалай сыйлыққа 13 оқытушы мұғалім ие болды.

 

Риат Шони.