Спорт

«Қызыл-Жар СК» командасы қаратаулық Лашынды тізе бүктірді

Дегенменде, ойындағы басымдық жерлестеріміздің жағында болды. Айта кету қажет, командада бас бапкер Владимир Фомичев тактикалық өзгерістер орнатыпты. Құрама сапындағы сұр мерген Хасан Абдукаримовты шабуыл шебіне қойып, оның орнына сол қапталдан жетінші нөмірдегі Давити Чагелешвилиді жайғастырыпты.

Ойыншыларды алмастыру өз жемісін он тоғызыншы минутта берді. Лашын қорғаушыларының назарынан тыс қалған Давити Чагелешвили алыс бұрышты дәл көздеп, маусымдағы алғашқы голын соқты.

Қаратаулық футболшылар есе қайтаруға үміттеніп, қарымта шабуылдар ұйымдастырғанымен сәттілік жетіспеді. Жас ойыншылардан жасақталған команда тәжірибесі мол аяқдоп шеберлерінен айлаларын асыра алмады. Кездесудегі келесі гол бірінші таймның соңына қарай соғылды. Команда сапындағы үздік сұр мерген Хасан Абдукаримов әріптесінің айып алаңына асырған добын қақпаға бағыттап, есепті еселей түсті. Осы қарқында алғашқы 45 минуттықта мәресіне жетті.

-Алғашқы тайм қызықты өтті. Келесісіде солай болады деп ойлаймын.

-Жерлестеріміз жақсы ойын өрнегін көрсетуде. Екінші таймда тағы гол соғады деп сенемін.

Ал екінші тайм қызыққа толы болғанымен аса қауіпті сәттер аз болды. Соның бірі Роман Нестеренко қорғаған қақпа маңында орын алды. Қорғашылардан сытылып, қақпашымен жеке дара шыққан жартылай қорғаушы Әлішер Есімханов алыс бұрышты көздегенімен мүлт кетті. «Сен соқпасаң саған соғады» қағидасын ұстанған жерлестеріміз ойынға қосылған үш минуттың екіншісінде Давити Чагелешвилидің арқасында гол соғып, бұл кездесудегі соңғы нүктені қойды. Қорытынды есеп 3-0 «Қызыл-Жар СК»ның пайдасына шешілді.

Али Алиев – «Қызыл-Жар СК» ФК жартылай қорғаушысы.

-Жанкүйерлерімізді жеңіспен құттықтаймын. Бұл солардың жеңісі. Бізді әрдайым қолдап отырады. Оларға алғысым шексіз. Ал ойынға келетін болсақ, қарсылас команда жас ойыншылардан жасақталған. Біз оларды ұтуға міндетті болдық. Бапкердің талаптарын алаңда толығымен орындадық деп ойлаймын.

Қарасай стадионындағы келесі ойын маусымның 7-і күні өтеді. Онда жергілікті команда оралдық Ақжайықты қабылдайды.

 

 

Риат Шони.