МТРА жаңалықтары

Жерлес бишілер Еуразия кубогының жеңімпаздары атанды

Андрей Байкенов – “S’Avancer” хореографиялық би мектебінің тәрбиеленушісі

– Сайыста қарсыластарымыз мықты болды. Бірақ, намысқа тырысып жасөспірімдер арасында бас жүлдеге ие болдық. Алдағы бәсекелерде жетістігімізді қайталаймыз деген сенімдемін.

Алтыннан алқа тағынған жүлдегерлердің басым көпшілігі латынамерикандық және еуропалық бағдарлама бойынша өнер көрсетіпті. Осы сайысқа қатысқан солтүстікқазақстандық бишілер байқауда рекордтық 9 бірдей бірінші орынды қанжығаларына байлаған. Аталмыш сындағы бұндай жетістік өңір тарихында алғаш рет орын алып отыр. Қоржынымыз, осылайша, алтыннан толып қайтуына күнделікті жаттығулардың пайдасы тиді дейді «Савансьер» хореография мектебінің жетекшісі Юлия Ширикова.

Юлия Ширикова – СҚО спорттық би федерациясының вице-президенті

– Дайындығымыз жоғары деңгейде болды. Сайысқа бармас бұрын бірнеше семинарларға қатыстық. Жаттығу жұмыстарын пысықтау мақсатында Челябі қаласында соңғы оқу-жаттығу жұмыстарын жүргіздік. Осы еңбектің балаларға зор пайдасы тигені анық.

Алдағы уақытта өнерлі жастар Көкшетау мен Астана қаласында тағы да өтетін дүбірлі доларға қатыспақ. Сол сындарда топ жару үшін хореография мектебінің шәкірттері бүгіннен дайындықтарын бастап кетті.

Стажер.