Ұлт жоспарына үндеу

МТРА жаңалықтары

16:09 22 Мамыр 2015

Онда мемлекетіміздің келешектегі дамуының бағыт-бағдары көрсетіліпті. Маңызды құжат 29 сәуірде жария етілген болатын. Ал жуырда ел президенті бұл бағдарламаны жүзеге асырудың 100 нақты қадамын белгілеп берді. Ол тәуелсіз Қазақстанның 30 дамыған елдер қатарына енуіне жол ашпақ. Жобада барлық маңызды салалар қамтылыпты. Солардың бірі салық және кеден саясаты мен ресімдерін оңтайландыруға бағытталған. Бұл өз кезегінде кәсіпкерліктің дамуына сеп болады. Мұны теріскейлік бизнесмендер де қолдап отыр. Владимир Богданов 1993 жылдан бері құрылыс материалдарын саудалаумен айналысады. Бір кездері шағын ғана кәсібі болған бизнесменнің ісі бүгінгі күні өрге домалаған. Қазір оның дүкендерінде тауардың 8 мыңнан астам түрі жайғастырылан. Барс-строй сауда орталықтары еліміздің Павлодар, Қостанай және Қарағанды қалаларында бар. Келекшекте Семейде де ашу жоспарлануда. Кәсіпкер өнімдердің 80 пайызы Ресейден жеткізіледі дейді. Сондықтан бұл бағдарлама бізге тиімді болып отыр дейді Владимир Богданов.

Владимир Богданов- «Барс НОРД» ЖШС құрылтайшысы

– Бұл дер кезінде қабылданған жоба деп білемін. Өйткені кедергілер азаяды. Ендігі уақытта жұмыс істеймін дегендер тек іске білек сыбана кірісуі керек. Барлығы жеңілдетіліп жатыр. Тауарлар ауқымы кеңейеді. Дамуға мол мүмкіндіктер пайда болды.

Ұлт жоспарында, сондай-ақ, “Нұрлы болашақ” жобасын әзірлеу және оны жүзеге асыру қарастырылған. Яғни, “Мәңгілік Елдің” құндылықтары біртіндеп мектепгі оқу бағдарламаларына енгізілмек. “Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы” ұйымының облыстық филиалын басқаратын Сағындық Салмұрзин этносаясатпен 90-шы жылдардан бері айналысады. Біраз жұмысын тарихты зерттеп-зерделеуге арнаған. Ол, сондай-ақ, шетелдегі қандастармен де тығыз қарым-қатынас жасайды. Соңғы мәліметтер бойынша бүгінде әлемнің 45 елінде 7 млн қазақ тұрады екен. Түрлі жиындарда бас қосқанымызда “Мәңгілік Ел” идеясының маңызын талқылаймыз дейді ол.

Сағындық Салмұрзин – “Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы” РҚБ СҚОФ басшысы

– Жастардың қазіргі бағдарламаларында “Мәңгілік Елдің” болуы ұлттың рухын, отансүйгіштікті, патриотизмді көтеретін сондай бір үлкен күш. Ол – енді бүкіл 8-ші ғасырдан келе жатқан біздің көптеген бабаларымыздың, түрік қағандарының кеңесшісі болған Тоныкөк Отыкен деген жерде тасқа жазылған біздің сол идея. Сондықтан, мінекей, қазір де сол идеямыз жүзеге асып жатыр.

Сағындық Салмұрзин қазіргі уақытта тек білімді ғана емес, сонымен қатар намысты ұрпақ керек дейді. Сол себепті, тарихи құндылықтарды бойына сіңіріп өскен, Мәңгілік ел мұратында тәрбиеленген жас азамат осы идеяны іс жүзінде орындауда табысты еңбек етпек.

Магжан Ахмадина.