Білім

ҰБТ өткізу бойынша мемлекеттік комиссияның отырысы өтті

Ерлан Абельдинов – СҚО бойынша білім саласындағы бақылау департаментінің жетекшісі

– Өңір бойынша ҰБТ 8 пунктте өтеді. Сынақ тапсырылғаннан кейін сағат 08-00-ден 14-00 ге дейін апелляциялық жұмыстар жүргізіледі. Онда ҰБТ-ға кірген барлық пәндердің мұғалімдері отыру қажет.

Жиынға қатысушылар айтылып жатқан барлық ақпараттарды мұқият тыңдауда. Олар мемлекеттік комиссия мүшелері. Бұл кісіліредің мойнында ҰБТ-і ұйымдастыру мен оның тиісті деңегейде өтуін қадағалау міндеті тұр. Еркін Оразов үш жыл бойы Тайынша ауданындағы мемлекеттік комиссияның төрағасы қызметін атқарып келеді. Оның айтуы бойынша бүгінде аталмыш ауданда маңызды сынақтың өтуіне барлығы дайын.

Еркін Оразов – ҰБТ өткізу бойынша мемлекеттік комиссия төрағасы, Тайынша ауданы

– Біздің ауданда барлығы дайын. Алыс ауылдардан келген оқушылар интернатта жайғастырылады.

Айта кету қажет, биыл түлектердің тестілеуді таза тапсыруы қатаң қадағаланады. 2014 жылы ҰБТ-еу кезінде 300-ге шпаргалка мен 180 ұялы байланыс телефоны тәркіленсе, биыл бұндай құралдар табылған оқушы бірден аудиториядан қуылады. Мұның барлығы түлектердің тиісті білімдерін анықтау үшін жасалуда. 2015 жылы тестілеуге жаңашылдықтарда енгізіліпті.

Татьяна Гапчич – СҚО бiлiм саласындағы бақылау департаментiнiң бөлiм жетекшісі

– Биылғы оқу жылы ҰБТ-ді тапсыратын оқушылардың қорытынды бағалары сынақта алған ұпайларымен қойылмайды. Онда жылдық қорытынды мен тестілеудегі бағасы қосылып, орташа ұпайы шығарылады. Сонымен қатар былтыр емтихан қорытындылары ҰБТ өткен пункттегі тақатаға ілінсе, биыл түлектер өздерінің ұпайларын қадағалау комитетінің сайтына кіріп көре алады.

Жалпы биыл облыс бойынша 3737 түлектің 2531-і 8 пункте ҰБТ тапсыруға ниет танытыпты.

Риат Шони.