Спорт

Теріскейліктердің қанжығасы алтынмен майланды

Александр Окованцев, СҚО жеңіл атлетикадан балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің бас бапкері

– Михаил футболға қатысып жүріп көзге түсті. Тез әрі жақсы жүгіретінін байқадық. Ол 10 сыныптан бастап жеңіл атлетикамен айналысады. Мен 4 жылдан бері жаттақтырамын. Бапкерлікпен айналысып жүргеніме де 40 жылдай уақыт болды. Алматыда өткен ҚР кубогы іріктеу туры болды. Біздің Михаил Литвин жақсы нәтиже көрсетіп, Азия және халықаралық жасөспірімдер арасындағы чемпионатқа жолдама алды.

Михаил Литвин ҚР кубогынан орала салып стандионда жаттығу жұмыстарына кірісті. Желаяқ спортышының алдында үлкен сын – Азия ойындары тұр. Ол Республикалық турда – бапкерінің қойған тапсырмасын орындап қана қоймай, 400 метрлік жүгіруде уақыт бойынша рекорд жасады. Спортшыға сайыстың жасөспірімдер арасындағы кезеңінде – 18 адам бақталастық танытқан.

Михаил Литвин, СҚО жеңіл атлетикадан балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі,

– Мен 11 жыл футболмен айналыстым. Жиі жеңіліп қалып жүрдік. Сондықтан бапкерлердің шақыруымен жеңіл атлетикаға бет бұрдым. Ол үшін, жаттықтырушыма алғыс білдіремін. Мұндай республикалық жеңістерім көп. Ал, рекорд орнату оңай емес. Қатты қуандым. Бастысы Әлемдік чемпионтқа жолдама алдым. Ал дәл қазір, жұмасына 5 рет, күніне -3 сағат дайындық жүргізіп жатырмыз..

ҚР кубогының қола жүлдегері – Диляра Абдуова болса , дәл осы сында қыздар арасында қарғып секіруде үздік үштіктен көрінген. Жеңіл атлетикаға 2-ші сыныптан ден қойған спортшы қыздың чемпионаттағы басты қарсыласы – Ольга Рыпакова болыпты. Жерлес атлет 13 метр 52 см қашықтықты бағындырса, олимпиада чемпионының көрсеткіші 14 метр 30 см. Қос спортшы жолдама алған – Әлемдік деңгейде өтетін Азия ойындары – маусымның 5-і күні Қытайдың Вухани қаласында бастау алмақ.

 

 

Акбопе Танирберген.