Құқық қорғау органдары

СҚО ІІД қызметкерлерінің арасында көркемсөз оқу шеберлері байқауы өтті

Тәртіп сақшылары қазақ батырлары жайлы бейнероликті тамашалап болған соң, ұйымдастырушылар іс-шараның негізгі бөлігіне көшті. Мұнда әр үміткер байқау шартына сәйкес қазақ хандығы дәуірінде өмір сүрген би-жыраулардың толғаулары мен жырларынан үзінді келтіріп, ақын-жазушылардың тарих, тәуелсіздік тақырыптарына арнаған шығармаларынан үзінді оқыды. Оған небары 5 минут берілді.

Әлішер Жармағамбетов, Петропавл қаласы ІІБ тылдық қамтамасыз ету бөлімшесі ғимаратын күзету жөніндегі полицейі

– Менің ойымша, әрбір қазақ елінің азаматы елінің тарихяын ешқашан ұмытпау керек. Байқауда орындайытн шығармам ел ішінен шыққан ұлы көтерілісші Сырым Датұлы жайлы болмақ.

Дархан Наурызбаев, СҚО ІІД техникалық қызмет басқармасының аға инженері

– Біз бабаларымыз басынан өткерген тарихты ұмытпау кеекпіз. Асан қайғы шығармасына дайындалып келдім. Асан қайғы Қызылорда облысында туып-өскен.

Осылайша, көркемсөз оқу шеберлігі сайысын жылда өткізу арқылы облыстық ІІД-нің басшылығы өз қызметкерлері арасында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуді көздеп отыр..

Дарима Әбдірахманова, СҚО ІІД мемлекетік тіл және ақпарат бөлімінің бас маманы

–  Іс-шараның басты мақсаты – мемлекетіміздің тарихына деген танымдық қызығушылығын арттыру. ІІО-дары қызметкерлерін ұлтжандылыққа, рухани құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу. Оған қоса тарихи шығармаларды оқу арқылы көркем сөз шеберліктерін арттыру. Ең бастысы, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту болып табылады.

Сайыс соңында жиыны 27 қызметкерге облыстық ІІД-нің бастығы Берік Біләловтың атынан алғыс хат пен бағалы сыйлықтар үлестірілді.

 

Берик Касен.