МТРА жаңалықтары

Республикалық “Тіл шебері” байқауының облыстық кезеңі өтті

Әсем Сүлейменова – СҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың бөлім жетекшісі

– Негізінен үш номинация бойынша өтеді. Бірінші “мәдениеттаным”-қазақ халқының салт-дәстүріне байланысты сұрақтар қойылады. Үміткерлер қазақ тілінде жауап береді. Екінші “ұлттаным” – еліміздің тарихы, тұлғалары, аймақтары жөнінде сұрақтар беріледі. Оған орыс және ағылшын тілдерінде жауап береді. Үшінші бұл – үй тапсырмасы. Таңдауға берілген тілге орай, жаңылтпаштарды 7 рет қайталап беру.

Республикалық сайыстың облыстық кезеңіне жиналғанғандардың саны -14. Мұнда келген үміткерлердің ұлттары да әртүрлі . Барлығы да жеңіс тұғырында көрінуге үмітті. Байқауға бағын сынауға тіл мамандары, мемлекеттік қызметкерлер, физика және тарих пәнідерінің мұғалімдері де келген. Қатысушылар қазылар алқасы тарапынан қойылған барлық сұраққа мүдірмей жауап берді. Петропавлдағы №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінің тарих пәнінің мұғалімі Ирина Тухватулина бұл – конкурс бізге тіл мәдениетін жетілдіруге көмектеседі дейді.

Ирина Тухватулина – №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінің тарих пәнінің мұғалімі

– Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев жастарға үш тілді меңгеруді мақсат етіп қойды. Сол себепті мен де замандастарымнан қалыс қалғым келмейді. 21 мен 30 жас аралығындағы жастар арасындағы қалалық байқауда мен жеңімпаз атандым. Бүгін қала намысын қорғаймын. Тіл меңгеру қиындау әрине. Көп уақыт кетеді. Бірақ бұл – мен үшін маңызды істердің бірі.

Бұл – сайыста жеңімпаз атағын Ғабит Мүсірепов ауданынан келген қазақ тілі пәнінің мұғалімі – Сергей Воронцов иеленді. Ол Астана қаласында өтетін республикалық кезеңде облыс намысын қорғайды.

 

 

Айгерим Ержанова.