МТРА жаңалықтары

Жыл басынан бері 449 солтүстікқазақстандық жылжымайтын мүлкін заңдастыруға өтініш тапсырды

Юрий Белокопытов, Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы

– Халық дер кезінде осы науқанның мүмкіндігін пайдаланып қалса деймін. Құжаттар қарашаның 30-на дейін қабылданады. Мүлікті заңдастыру үшін мынадай құжаттар қажет. Екі нұсқада мүлікті жария етушінің өтініші, жеке куәлік көшірмесі болуы шарт. Бұдан бөлек жылжымайтын мүлік болса, онда шетелде тіркелгендігі жөніндегі құжат. Құнды қағаз иелері оған эмитент ұсынуы керек. Мүліктің бағасын көрсететін құжат та көрсетілуі тиіс.

Ал Петропавл қалалық әкімдігінің мүлікті заңдастыру бойынша комиссиясы осы күні облыста 500-ге жуық тұрғыннан өтініш қабылдапты.

Қанат Баркитов, Петропавл қалалық әкімдігінің мүлікті заңдастыру бойынша комиссия хатшысы

– Ағымдағы жылы 483 жылжымайтын нысанды заңдастыру бойынша 449 өңір тұрғынынан өтініш қабылдадық. Белсенділік танытқандардың 56 пайызы петропавлдықтар. Бүгінде Петропавл қаласы бойынша заңдастырылған мүліктің жалпы сомасы 854 млн.400 мыңнан асты.

Мамандардың айтуынша, құрылыс нысаны, ақша, бағалы қағаздарды уақытында заңдастырғандар қылмыстық, әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды. Мемлекет ұсынған мүмкіндікті қалт жіберіп алғандардан түсініктеме алынып, олардың ісі сот тәртібінде шешілітін болады.

Жанар Ысқақова, “ҚР Ұлттық Банкі” РММ СҚФ статистика және экономикалық сараптама бөлімінің басшысы

– Заңдастырылған мүлік не ақша негізі кіріс көзі ретінде қарастырылмағандықтан, оған салық салынбайды. Шетелдегі қаражатыңызды депозит арқылы жинақтаушы шотқа салып, оларға девидент алу мүмкіндігі қарасытырлған. Егер есепшоттағы ақша 60 ай не 5 жыл көлемінде жатса, ол 2-ші деңгейлі банкте сақталғаны үшін одан артық ақша жиналмайды. Және ол қаражатыңызды инвестициялық жобалар бойынша айналымға кірістіре аласыз.

Ескерте кетейік, ел аумағындағы және шетелдегі мүлікті заңдастыру бойынша құжаттар үстіміздегі жылдың 30-шы қарашасына дейін ғана қабылданбақ.

 

Берик Касен.