МТРА жаңалықтары

Журналистерге арналған кезекті брифинг

Қабиден Сәдуақасов- СҚО табиғи ресрустар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы


– Бүкіл орман шаруашылықтарында 16 өрт өрт-химиялық станция, 83 трактор, 138 патрульдік машина дайын. Одан басқа 600 стационарлық рация бар. Қазіргі күні шаруашылықтар 400-ден астам бүріккіштермен жабдықталған. 130 өрт сөндіру құралдары дайын.

Өткен жылы жібек құртының көп болғаны барлығымыздың есімізде шығар. Ағаштар жапырағын аяусыз жеп, жасыл желек кедей күй кешкен болатын. Жиында бұл зиянкестермен күрес биыл қалай жүргізіліп жатқандығы сұрастырылды.

Қабиден Сәдуақасов- СҚО табиғи ресрустар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы

– Биылғы жылы жібек құрты бар жерлер азайды. Біздің мамандардың айтуынша, оның өсуі белгілікті бір циклге байланысты. Сондықтан ол цикл 7 жылға дейін созылады. Ақырғы 3 жылда оның өсуі көбейеді. Былтыр ең көбейгені ол 167 мың гектар жерде болды. Биыл 31 мың гектар жерде. Біздің мамандар ол жерлерге мамыр айының аяғына қарай дәрі себеді.

Кейін сөз кезегін облыстық жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Еркін Жомарт алды. Өңіріміздің жер қоры 10 млн. гектарға жуық жерді құрайды. Соның 8 млннан астамы ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылып келеді. Тең жартысы, яғни 4 млн-ы егістік жерлер еншісінде. 2012-2014 жылдар аралығында оларды түгендеу жұмыстары жүргізіліпті. Бұл шаруа барлық аудандарда атқарылды.

Еркін Жомарт- СҚО жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары

–  Инвентаризациялау жұмыстары барысында мақсатсыз пайданалып келген егістік жерлер анықталды. Ол 278 мың гектар. Бұл түгенделген ауыл шаруашылығы участогінің 4 пайызын құрайды. Бүгіндері солардың 249 мыңында тиісті жұмыстар атқарылуда. Қалғаны бойынша жұмыстар биыл атқарылатын болады.

Айта кету керек, мұндағы келесі брифинг мамырдың 26-сы өтеді деп жоспарланған.

 

Магжан Ахмадина.