МТРА жаңалықтары

Петропавлда “Мерейлі отбасы” байқауы өтті

Салтықова Гүлия – Петропавл қаласының ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі

– Мерейлі отбасы” конкурсының қалалық турниріне қатысамын дегендерден 5 өтініш түсті. Бүгінгі шарада барлық отбасылар марапатталып, жұртшылыққа таныстырылады. Ал кейін арнайы құрылған комиссия белгіленіп, облыстық конкурста қала намысын қорғайтын отбасыны анықтайды. Олар қаланың қоғамдық өміріне қатысу, түрлі марапат иесі болу критерийлері бойынша таңдалады. Бастысы – өскелең ұрпаққа өнегелі отбасы болуы шарт.

“Мерейлі отбасы” атанудан Өркешовтер әулеті де үмітті. Ғалым Өркешовпен Айтбибі Өркешовалардың шаңырақ көтергендеріне 40 жыл. 2 ұл 1 қызды өсіріп жеткізген отбасы, енді немерелерін тәрбиелеуге көмектесуде. Отағасы, күрес бойынша “Балалар және жасөспірімдер” мектебінің директоры.”Қазақстан Республикасыда қазақ күресін дамытуға қосқан үлесі үшін” құрметті төсбелгілерімен марапатталған. Асыл жары Айтбибі Өркешова өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуде жемісті еңбек етуде. “Мерейлі отбасы” байқауы шаңырақтың бірлігі мен татулығын арттыратын жоба дейді,- байқау қатысушылары.

Өркешов Ғалым – сайысқа қатысушы

– Бұл байқауға біз бірінші рет қатысып отырмыз. Мұғалімдер династиесін есептегенде 120 жыл болады. Әкем мұғалім болып істеген. Өзіміз де мұғалім, балаларым да мұғалім. Мерейлі отбасы бұл – жастарға үлгі, үлкен тәрбие беретін мағыналы байқау.

Байқауға қатысуға ниет танытқан әр отбасыға алғыс хат пен бағалы сыйлықтар табысталды.

 

Айгерим Ержанова.