Құқық қорғау органдары

Нелегал-2015 жедел алдын алу шарасы

– Последний раз когда были дома?

– Шесть месяцев назад был дома.

– Сколько дней занимает дорога от Иркутска до твоего дома?

– Дней пять. С Иркутска еду на поезде до Петропавловска. Из Петропавловска домой уезжаю на автобусе. Потом на такси.

– А с какого города ты сам?

– С Андижана.

Біздің аймақ РФ-мен шекаралас, сондықтан да көші-қон полициясының қызметкерлері ағылған көлік тасымалын қадағалауды күшейткен. Аймақта заңсыз босқындарды анықтау мақсатында – облыс орталығындағы “Рубеж” және “Келлеровка” бекетінде, сонымен қатар шекараға жақын аудандар мен облыстарда қызу жұмыс жүргізілуде.

Бауыржан Сәдуақасов – СҚО ІІД көші-қон полициясы басқармасы бастығының орынбасары

– Облыста мамырдың 18-і мен 22-і аралығында “Нелегеал-2015” жедел алдын алу шарасы өтуде. Аталған шара – заңсыз босқындарды анықтап, олардың жолына бөгет қоюға бағытталған.

“Нелегал” операциясы басталған 3 күнде тәртіп сақшылары аймақта заңсыз өмір сүріп жатқан 376 шетелдікті анықтаған. Олардың барлығы дерлік жауапқа тартылып отыр.

Акбопе Танирберген.