Аптадағы маңызды жаңалықтар

Мамырдың 21-і – мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі

– Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын. Қоғамдағы аса маңызды саланы нығайтуға қосқан үлестеріңіз өлшеусіз

Бұл күн әрбір мәдениет қызметкері үшін маңызды болып саналады. Сондықтан берілген барлық марапаттар заңды иелерін тапты деуге болады. Салтанатты шара барасында 24 азамат Мәдениет және спорт министрлігінің, 11 маман облыс әкімінің құрмет грамоталарына ие болды. Тағы 5 азамат өңір жетекшісінің алғыс хатын иемденді.

Тоймырза Абашов- «Есіл әуендері» қазақ халық аспаптары ансамблінің жетекшісі, Есіл ауданы

– Бұл ансамблдің жемісі деп білемін. Әлі де болса, еңбек етіп, аудан өнерін дамытуға ат салысамыз.

Кейін аймақ басшысы Ерік Сұлтанов 8 азаматқа мәдениет және спорт министрлігінің атынан «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісін табыстады. Мұндай мәртебелі марапатқа ие болғандырдың қатарында Ғ.Мүсірепов ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Берік Сапанов та бар.

Берік Сапанов- Ғ.Мүсірепов ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы

 

– Мәдениет саласына көп көңіл бөлінеді. Ауданда нысандар жөндеуден өтіп, дамуда.

Өз кәсіби мерекелерінде де бұл азаматтар жиылғандарды таң қалдырудан танбады. Келгендерге әсем ән мен тамаша би ұсынуда. Сөйтіп жиын соңы концертке ұласты.

Өнердің қаншалықты құдіретті екендігін білетін бұл жандар сахнаға шыққан әр адамға деген шапалағын аямай соқты. Жалпы бүгіндері облысымыздың мәдениет саласында 2 мыңнан астам адам еңбек етеді. Өңірде 3 театр, филармония, 237 ауылдық клуб, 312 кітапхана мен 12 мұражай бар. Салтанатты шара соңыда өз таланты мен өнері, шығармашылығы мен білімі арқылы көпшілікті тамсандырған өңіріміздің мәдениет саласы қызметкерлеріне аймақ жетекшісінің атынан ықылас гүлі табыс етілді.

Магжан Ахмадина.