МТРА жаңалықтары

Ғасырлар сырын арқалаған кітаптар

Гүлназия Бикенова: С. Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың сирек кездесестін кітаптар бөлімінің меңгерушісі

– Көп жылдық тарихы бар кітаптарды күнделікті кептіріп, ауа температурасын тұрақты сақтау үшін арнайы құрылғы пайдаланылады. Мұндағы алғашқы кітаптарды қаламыздың Смалина, Казанцов атты құрметті азаматтары сыйлаған екен. Ал өзгелерін Санкт-Петербург, Москва қалаларындағы сирек кітапттар мұражайынан көшірме түрінде жіберген. Жергілікті тұрғындардың әкелгендері де бар.

Ғасырлар сырын арқалаған әдебеиеттер мұнда көптеп орналастырылған. Мынасы ескі славян кирилицасымен жазылған алғашқы кітаптың көшірмесі. Оның мың жылдық тарихы бар. Қайта жазылған түпнұсқасы Санк-Петербург қаласындағы сирек кітаптар мұржайында сақтаулы. Ал мына көптомдық Брокгауза мен Ефрона сөздігінің 86 томы мұражай қорында сақтаулы. 1890-1907 жыл жәдігерінің 23-ші томында Петропавл туралы дерек те бар.

Виктория Хаванская: С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың библиографы

– Петропавл туралы естелікті оқып берейін. Мұнда “Петропавл қаласы Ақмола облысының уезі – Есілдің жағасында, Сібір казактарының аумағынан 281 шақырым қашықтықта орналасқан”, – деп жазылған.

Әдебеиетқұмар жандардың қазір де парақтары сарғайып, бойына ғасырлар иісін сіңірген кітаптарды қолдарына алып, оқып, тарихпен танысуларына мүмкіндіктері бар.

– Мұражайдың төрінен ойып орын алған ерекше жәдігер – Славяндардың діни ән кітабы – Пластрь. Ағашпен түптеліп, бұзау терісімен қапталған көне кітап 1709 жылдан бүгінгі күнге дейін сақталған. Бірнеше ғасыр өтсе де, менің қолымдағы түпнұсқасының беттері – түгел, жазуы – анық.

Қаз-қатар орналастырылған кітаптардың арасында жаңа ғасырда жарыққа шыққандары да бар. Мысалы мына 13 кітаптан тұратын “Даналық әліппе” жинағы. Ол Жапонияда жасалған қаламның көмегімен сөйлейді.

Алдағы уақытта “Сирек кездесетін кітаптар мұражайы” осы сынды туындылармен толығуына байланысты “Кітаптар мұржайы” деп қайта атау алуы мүмкін дейді мұндағы қызметкерлер. Дәл осы көрме 3 ай бойы жалғасы.

Акбопе Танирберген.