Денсаулық сақтау

Темекіден бас тарту күніне орай эстафеталық жарыс өтті

Ақжайық Әлімжанова – СҚО Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығының валеолог маманы

– Бізде мұндай шаралар жиі ұйымдастырылады. Көбінесе семинар-тренинг, ойын, акция түрлерінде өткіземіз. Біз мектеп оқушылары ғана емес студенттермен де түрлі шаралар жүргіземіз. Темекі шегу кесірінен қаншама аурулар туындауда. Мұның салдарынан өлім-жітім көбеюде. Осыған орай дүниежүзілік темекі шегуге қарсы акция ұйымдастырылған.

Қазіргі таңда шылым шегу жастар арасында белең алуда. Бұл орайда адам ағзасына зиян келтіретін залал жайлы мамандар өз ойларымен бөлісті.

Қарлығаш Әкімова – Облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жөніндегі орталығының дәрігері

– Жастарға айтатын ақылымыз, ең алдымен салауатты өмір сүру жолдарын ұстану керек. Басқа да зиянды қылықтардан сақ болу қажет. ВИЧ, ЖИТС және тағы да басқа аурулардың жұғу жолдарын білген жөн.

Шара барысында қала мектептеріне арналған эстафеталық жарыс ұйымдастырылды. Оған облыс орталығының 5 білім ошағы қатысты. Аталмыш сайыста 10 тапсырма қарастырылған. Солардың бірі “Біз сурет саламыз”. Мұнда сайысқа қатысушылар берілген картиналардың артындағы тапсырмаларды орындаулары қажет. Арасында сурет салуда бар. Бұл жарыста сынға түсуші Қожаберген жырау атындағы нөмір 6-шы орта мектептің оқушысы Азамат Душанбе өз командасындағы суретті жақсы салатындардың бірі. Жасөспірім сайыста жеңіске жететіндігіне сенімді. Өйткені ол командалас достарымен ұйымшылдық танытып, барлық тапсырмаларды бірге орындауда.

Азамат Душанбе – Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектептің оқушысы

– Нашақорлыққа, темекі шегуге, обыр ауруларын жеңуге және жастарды салауатты өмір салтын ұстануға үгіттеу мақсатында бұл шараға қатыспақпыз. Қарсыластарымыз осал емес, бізде жеңістен аянып қалмаймыз.

Жарыс соңында жеңімпаздар мен барлық жүлдегерлер грамота және бағалы сыйлықтармен марпатталды.

Байболат Құлтанов.