Құқық қорғау органдары

Тәртіп сақшылары жастармен бірлесіп рейдтік шаралар өткізуде

Юлия Попова – полицияның ерікті көмекшісі.

– Біз қазір полиция қызметкерлерімен бірлесіп қоғамдық тәртіпті қорғау бойынша алдын-алу шарасын өткізудеміз. Осылайша, “нөлдік төзімділік” қағидасының ықпалын күшейтуге әрекет қылудамыз. Мақсат – адамдардың, жастардың санасын бір сілкінтіп, мәдени және адамгершілік құндылықтардың деңгейін арттыруға септесу.

Петропавл қаласында алкогольдік өнімдерді пайдаланғаны немесе қоғамдық жерлерде мас күйінде жүргені үшін жыл басынан бері 2 мың 200-ден астам әкімшілік хаттама толтырылған. Ұсақ бұзақылық жасаған 400-ге жуық адам жауапқа тартылыпты.
Әкімшілік құқықбұзушылықтар кодексі бойынша “Жекелеген қоғамдық орындарда темекі тартуға салынған тыйымды” бұзғаны үшін рәсімделген хаттаманың саны мыңнан асады.

Адай Смайыл – Петропавл қаласы ІІБ бөлімше бастығы.

– Мемлекет басшысының қоғамда ұсақ құқықбұзушылықтарға, сотқарлық пен мәдениетсіздікке қарсы “нөлдік төзімділікті” қалыптастыру жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру аясында құқыққорғау органдары жастармен бірлесіп рейдттік шараларын өткізуде. Негізгі міндет – қылмыстың санын азайтып, азаматтардың мәдениетін жоғарылату.

 

 

 

Данаш Хамзина.