Аптадағы маңызды жаңалықтар

Табиғат тосын мінез көрсетуде

Николай Герт, куәгер.


– Жеңіл көлікпен Тоқсан би көшесі бойымен жүріп келе жаттым. Кенеттен қатты жел тұрды. Электр бағанасының жанынан өте берген кезім сол еді, машинаның арт жағынан бағана құлап түсті. Зәре құтым қашқаны сол еді кенеттен қарсы бетте өсіп тұрған жуан ағаш қарсы айырылып, 2 көліктің үстіне құлады. Бұйыртып, ладаны апаттық көлік көлегейлеп қалды.

Электр бағанасы құлағанда ұзындығы 150 метр электр таратушы желіге де зақым келді. Абырой болғанда ешкім одан зардап шекпеді Көшені жарықтандыруға арналған бағананы апаттық қызмет мамандары кешке дейін жөндеп қалпына келтірді. Куәгерлердің айтуынша, ағаш пен бағаналардың құлау фактісі облыс орталығындағы басқа аудандарда да қайталанды. Синоптиктердің болжауынша, қатты жел әлі 3 күнге дейін тынбайды.

Гүлзат Ғазизова – СҚО бойынша гидрометеорология орталығының ауа райын болжау бөлімінің басшысы.


– Жақын күндері өңір бойынша секундына 21-29 метрге дейін қатты жел тұрады деп күтілген. Тимирязев және Сергеев метеостанцияларында желдің жылдамдығы секундына 30-31 метрге жеткендігін білдік. Қолайсыз ауа-райы РФ-сы жағынан келген циклонның әсерінен орын алды.

Синоптиктердің соңғы мәліметі бойынша, өңіріміздің кей жерлерінде жаңбыр жауып, артынша, күн күркіреп бұршақ жаууы ықтимал. Желдің жылдамдығы секундына 20 метрге дейін жетеді. Түнде сынап бағанасы 2-7 градусты көрсетеді. Күндіз ауа температурасы 15-18 градусқа дейін жоғарылайды.

 

 

 

Берик Касен.