Мәдениет

Қызылжарға “Сәт” тобы келді

Спарбай Алтыбай, «Сәт» тобының әншісі.

– Халық жақсы қолдағаннан кейін дәл осы өлкеге келіп өзіміздің екінші ән кешімізді беріп жатырмыз. Ән кешімізде ерекшеліктеріміз өте көп. Өзімізді тек бір стильде емес сегіз қырлы бір сырлы жігіттер екенімізді көрсетіп, өнерімізді танытамыз. Жеке ән кешімізге деген дайындығымыз өте керемет. Жоғары деңгейде.

Иә, теріскейліктер топтың өнерін жоғары бағалайтыны көрініп тұр. Көрермендер шапалақтарын аямады. Онымен қоймай, жігіттердің «биле-билесіне» еліктеген қызылжарлық тыңдарман ортаға шығып билеп кетті.

Айта кету керек, қазіргі Сапарбай мен Азаттың дуэт болып ән шырқайтын «Сәт» тобы – бұрын құрамында Тұрар Тұрсынов барда трио болып өнер көрсеткен. Дегенмен, Тұрар белгілі себептерге байланысты сахнадан кетіп қалды. Дуэттің алғашқы клипі «Қош махаббаттың» әні мен сөзі – Азат Әбілдаевтікі. Ал басқа бірқатар туындыларын жігіттердің өздері жазған.

Азат Әбілдаев, «Сәт» тобының әншісі.

– Шамамаен 22-ге тарта ән айтамыз. Бізде негізінен 40 шақты ән бар. Былтыр 20-н орындап, биыл 20-н орындаймыз. Халыққа жаңа әндер керек. Сондықтан халыққа біз өзімізді басқаша қырымыздан танытықымыз келді.

Олардың орындауындағы Әли Бектаевтың сөзіне жазылған «Нұр аға» әні де ерекше. Әншілер «Еліміздің өркендегенін көзімізбен көрмесек те, жүрегімізбен сеземіз» дейді.

Жігіттер Ресейдің атақты әншісі Диана Гурцкаяның жеке концертіне қонақ ретін шақырытылып, өнер көрсеткен. Көптеген байқаулардың жеңімпаздары. Топтың продюсері Нұржан Қожабековтың Азат пен Сапарбайға қолдау көрсетіп, әкелік қамқорлық танытып жүргеніне 7 жылға жуықтапты.

Нұржан Қожабеков, «Сәт» тобының продюсері.


– Солтүстіктің өнер сүйер жұршылығына алғысымыз шексіз. Өткен жылы ғана “Қош махаббат” дейтін концертімізбен келгенбіз. 00:46 Жігіттердің өнеріне қазақ халқы өз ризашылығын дбілдіріп, қай жерде болсақ та қошеметпен өте керемет қарсы алады. Алдағы уақытта “Сәт” тобынының шығармашылығы осы халықтың арқасында қазақ елімен қатар бүкіл шет мемелекетке тарап танылыу үшін бүкіл кеүшімізді жұмсап, жұмыс істейміз деген ойдамыз.

Бүгінгі концертке келген көрермендер қос өнерпазға шығармашылық табыстар тіледі.

3 сағатқа жуықтаған «Сәт» тобының шығармашылық кеші Петропавлдық тұрғындармен естелікке “селфи” суретке түсумен аяқталды.

 

Акбопе Танирберген