Денсаулық сақтау

Петропавлда эбола індетіне қарсы оқу-жаттығу өтті

Болат Нұрмағамбетов – Көкшетау бөлімшелік көліктегі тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы.


– Батыс Африка мемлекетінде эбола індеті кең етек жайғанымен бізде оның таралымы байқалмайды. Бірақ мұндай оқу-жаттығулар ұйымдастырып тұру қажет.

Эбола індетін жұқтырған жолаушылар вагонына арнайы мамандардан басқа ешкім кіргізілмейді және шығарылмайды. Онда ең әуелі қорғаныс костюмын киген фельдшер мен эпидимиолог маман кіріп, ішіндегі барлық адамдардың тізімін жасап, жолаушыларды тексереді. Кейін жедел жәрдем келіп, жұқпалы аурулар дәрігері қатерлі дертке шалдыққанды қарайды. Ол диагнозды нақтылап, жолаушыны ауруханаға алып кетеді. Онда зертханалық бақылау үшін арнайы материалдар алынады.

Александр Мельник – СҚО тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің бөлім жетекшісі.

 


– Вагонның ішіндегі жолсеріктер індетке шалдыққанды анықтаған кезде оны бөлек купеға кіргізеді. Дерт басқа жолаушыларға ауамен таралып, жұқпауы үшін арнайы қорғаныс жабдықтарын береді. Кейін эпидимиолог мамандар келгенге дейн вагонда дизенфекциялап, барлық адамдардың толық тізімін жасайды.

Оқу-жаттығу аяқталғаннан кейін вагон қалғандарынан ағытылып, барлық жолаушылармен қала сыртындағы санитарлық-карантиндік тұйыққа апарылады.

– Ал онда вагон 21 күннің ішінде дизенфекцияланып, ішіндегі барлық жолаушылар тексерістен өтеді. Өйткені қатерлі дертке шалдыққан адамның жанында болғандар эбола ауруын жұқтыру қаупі бар. Риан Шони, Михаил Казначеев МТРА.