МТРА жаңалықтары

Өңірде су тасқынының арыны басылып келеді

Асхат Бакишев – СҚО Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бастығы.

– Сәуір айында өңірімізде көктемгі су тасқыны болған еді. Нәтижесінде, 7 елді мекенде 62 баспана мен 150-ге жуық саяжайлық телімдерді су басты.

Ал мамыр айының 18-ші жұлдызында селдің 3-ші тасқыны тіркелді. Мәселен, қазіргі уақытта Сергеев су қоймасындағы су деңгейі 70 см-ге жеткен.

Асхат Бакишев – СҚО Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бастығы.

– Кешегі күнмен салыстарғанда су деңгейі 3 см-ге төмендеген. Петропавлдағы су торабында судың көтерілуі тіркелген еді. Барлық қақпалар көтеріліп, үздіксіз бақылау жүргізілуде.

Құтқарушылар брифингте суға түсу маусымының жақындап қалғанын айтты. Бұл уақытта өзен-көлдердің маңында демалушылар көбейеді. Су көздерін жалға алушылар шомылу маусымында адамдар көп жиналатын жағалауларда құтқару бекеттерін қобға міндетті. Талапқа көнбегендерге айып-пұл салынады. Сонымен қатар, биыл ерікті құтқарушылар бөлімшелері пайда болады. Қызмет бұлайша аталғанымен бұл санаттағы құтқарушылардың еңбегі төленеді. Қазір ерікті құтқарушы болып жұмыс жасағысы келетін адамдардың тізімі жасақталуда.

Арслан Хусаинов – СҚО ТЖД кадр жұмысы бөлімінің бастығы, өртке қарсы қызмет подполковнигі.

– Жұмыссыз ретінде есепте тұрған адамдардың ішінен жүзе алатын азаматтарды аламыз. Олар құтқару бөлімшелерінде арнайы дайындықтан өтуі қажет. Бұл азаматтарға жалақы төленеді.

Солтүстік Қазақстан облысында 3000-ға жуық су көздері бар. Ал, ресми түрде Петропавл қаласында Есіл және Пестрое өзенінде жағажай жұмыс істемек.

 

 

 

Сагыныш Маркашева.