МТРА жаңалықтары

СҚО энергетикалық инфрақұрылымдарды дамыту ісі оң жолға қойылған

Сейілжан Тастеміров, Петропавл қаласының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары

– Бұл кезекте бір ҰОС ардагері, 1372 жетім бала. 4036 зейнеткер мен мүгедек. 5 485 адам. Бұл мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттік саланың мамандары. Және кезекте тұрған 85 тұрғынның үйі апаттық жағдайда деп танылған.

Жыл санап, шаһар тұрғындарының саны артқандықтан, “Жас өркен”, “Береке” ықшам аудандарында көп қабатты баспаналар тұрғызылуда. Осы орайда қаламызда энергетика, су, жылу тапшылығы сезілмеуі тиіс. Сәйкесінше, өңіріміздегі электр және жылу таратушы компаниялар жылдық өндірістік қуатылықты арттыру қамында осы күні кәсіпорында ауқымды жаңғырту жұмыстарын жүргізіп, тозған қондырғыларды жаңасына алмастыруда. Осылайша, келешекте аталған аудандарды энергиямен қамту мәселесін шешуге болады.

Антон Федяев, СҚО энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы

– Облыс орталығындағы 2-ші жылу электр орталығында ауқымды жаңғырту жұмыстарын жүргізуге 20 млрд. тг. бөлінді. 2016-шы жылдың соңына таман аталмыш кәсіпорында 2-ші және 5-ші турбина іске қосылады. “Нұрлы жол” бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 2 млрд. теңгенің 4 жобасы жүзеге асырылады. Оның 2-і облыс орталығындағы су таратушы желілерді қайта құру үшін жұмсалмақ. Ал, 2 жоба Алтынсарин көшесі мен “Жас өркен” шағын ауданында жылу желілерін салу үшін бағытталады.

Облыс орталығынан бөлек жылы баспанамен және таза ауыз сумен аудан тұрғындары да қамтылуы тиіс. СҚО энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Антон Федяевтың мәлімдеуінше, биыл орталықтандырылған топтық су құбырлары арқылы 7 ауылға таза ауыз су жетеді. Тағы 44 елді-мекенде су таратушы желілер орнатылып, тіршілік көзімен қамту жақсара түспек. Бұл мақсатқа республикалық және жергілікті қазыналардан 5 млрд. тг. астам қаражат қарастырылған. Сондай-ақ, үстіміздегі жылы өңірдегі 8 көпқабатты баспанада күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмек.

Антон Федяев, СҚО энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы

– Өңірімізде 1 705 көп қабатты баспана болса, соның 317-сі күрделі жөндеуді қажет етеді. Осы жылы ел қазынасынан бөлінген 136 млн. теңгеге 8 көпқабатты үй жөнделеді. Ал 2016 жылы 500 млн. теңгеден астам қаражатқа тағы 17 баспананы бастапқы қалпына келтіру ойымызда бар.

Үстіміздегі жылы облыс аумағындағы аудандық және облыстық маңыздағы біраз жолдың тозған учаскелеріне ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізілмек.

Бейбіт Исманов, СҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы

– Биыл өңір жолдарына жалпы сомасы 5 млрд. 200 млн. тг жұмсалады. Оның 800 млн. тг-сі республикалық қазынадан. Келлеровкадан Чкаловкаға дейін 5 шақырым жол жөнделеді. 260 шақырым жол күрделі, орташа және ағымдағы жөндеуден өтеді.

Сондай-ақ, биыл салқын рисайклирлеу технологиясы бойынша ұзындығы 23 шақырым облыстық маңыздағы жол қалыпқа келтірілмекші. Аталған шаруаға 700 млн. тг. бағытталды.

Берик Касен.