Спорт

Жерлес велошабандоздардың жетістігі

Сергей Данникер – “VINO 4-ever” командасының бапкері

– Біздің жетістіктеріміз ақпан айында басталды. Олег Земляков, Жандос Бижігітов пен Тілеген Майдос Азия Чемпионатына қатысты. Онда жекелей сындай Жандос екінші орынды иеленді. Кейін Тайвань мен Тайланд турларына қатыстық. Онда команда капитаны Александр Шушемоинның жолы болып, Тайландағы кезеңдердің бірінде қола жүлдені қанжығасына байлады. Қорытынды есепте жарысты 6-шы орында аяқтады.

Жалпы “VINO 4-ever” командасының сапында 15 адам бар. Барлығының бағындырған белестері молынан. Команда капитаны Александр Шушемоин велоспортпен 1998 жылдан бері айналысып келеді. Тәжірибелі спортшы өз білгенін әріптестерімен бөліседі. Екі апта бұрын елге оралған велошабандоз Әзірбайжанда өткен жарыстан күміс медаль асынып келіпті.

Александр Шушемоин – “VINO 4-ever” командасының капитаны

– Мен Әзірбайжанда ұлттық құрама сапында өнер көрсеттім. Жолым болып, екінші орын алдым. Онда 20 рейтингтік ұпай жинадық. Бұдан бөлек, Тайваньда қола жүлдеге іліктік. Жалпы биылғы жыл біз үшін сәтті басталды.

Спортшылардың алға қойған жоспарлары ауқымды. Велошабандоздар 27-ші маусымда Иранда басталатын жарысқа қатысып, Олимпиадалық лицензия алу үшін жеңіске жетуді көздеп отыр.

 

Риат Шони.